"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты "Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы»

Сынып сағаты

"Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы»     

25 қазан күні Мәскеу мектебінде "Отбасы-тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы"атты отбасылық тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушыларды отбасылық құндылықтармен таныстырды, сондай-ақ құндылықтарды сіңіру ерте балалық шақтан басталатынын, ал жасөспірім жасында қандай отбасы болуы тиіс екендігі туралы түсініктерін бекітті.

     Сынып сағаты барысында Қазақстан отбасыларында таралған отбасылық мерекелер мен дәстүрлер туралы бейнероликтер көрсетілді. Орта буында балалар отбасы және отбасылық дәстүрлер туралы мақал-мәтелдер жинауға тырысты.

    Жоғары сыныптарда отбасының тұтастығы мәселесі қозғалды. Балаларға өз отбасының тарихын зерделеуді ұсынды, өйткені отбасының тарихын зерттеу ересек отбасы мүшелері мен балалардың рухани жақындасуына ғана емес, сонымен қатар отбасы бірлігін сақтауға көмектеседі

 

Жаңартылған күні: 25.10.2019 14:33
Құрылған күні: 25.10.2019 14:33

Текст