"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке жол бойынша түсіндірме жұмыстары бойынша

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

 

 

         Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, шілде айынан басталғандығы өздеріңізге белгілі.

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында «Мектепке жол" платформасының қызметі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қабылданған шаралар туралы 2020 жылғы 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарлауды сұраймыз.

Қосымша: 2 парақ («Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі).

 

 

      Төрағаның

міндетін атқарушы                                                                  Е. Жекебаев

 

 

         http://по разъяснительной работе по Дорога в школу (1)1205175655

Жаңартылған күні: 19.12.2019 10:15
Құрылған күні: 19.12.2019 10:15

Текст