"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаным толған жақсылық

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық     Күні: 13.02.19   Сынып: 2 А

Тақырып бойынша түсіндірме:
Жақсылық, махаббат құндылықтары туралы түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасай білу іскерліктері жайында.

Сабақтың мақсаты: Балалардың “Сүйіспеншілік” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу;

Әдістер: әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: үнтаспа, тапсырмалары бар конверттер, ағаштың макеті.
Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері.
Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді “Шаттық шеңберіне” шақырамын. Сіздерге ашық, жарық, шуақты күн тілеймін.

2. Тыныштық сәті.
Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 3 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан - жаққа созыңыздар. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.

3. Әңгімелесейік
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасы сұралады:
- Балалар, өткен сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі - мейірімді болу керектігі туралы әңгімелескен болатынбыз. Үйде “Мен мейірімді баламын” тақырыбына әңгіме құрастырып келуге тиіс болғансыңдар. Қанеки, кім бастап айтып береді?
Балалардың жауаптары тыңдалады:
Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Адамға, айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді. Бүгінгі сабақта жақсылық жасау туралы әңгімелесеміз.
Мұғалім оқушылармен төмендегідей сауалдар бойынша әңгіме жүргізеді.
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Мұғалім: Шынында да жүрегі жұмсақ адам - ол адамгершілігі мол, адал, таза, әділ болып келеді. Егер адамның ішкі дүниесі таза болса, ол міндетті түрде айналасына шуағын шашады.
- Жылап тұрған балаға қарт адам не жайында айтты деп ойлайсыңдар?
- Баланың көңіл - күйі неліктен өзгерді?
- Басқа адамдарға жақсылық жасау саған бақыт сезімін сыйлайды деген пікірге қандай ой қосар едіңдер?

Мұғалім: Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың “Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе” деп айтқан.
1. Сергіту сәті.

2. Шығармашылық тапсырма.
Тақтаға мына сөйлемді жазып қояды, бұл шығармашылық тапсырмаға нұсқау ретінде көрсетіледі:

Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Балалар екі топқа бөлінеді, әрбір топқа бір конверттен беріледі. Конверттің ішінде тапсырма жазылған.
1 - ТАПСЫРМА: “Жақсылықтың бейнесін қалай көрсетер едіңдер”. (Сурет салуға болады, түрлі -түсті қағазды пайдалануға болады, сызба түрінде көрсетуге болады)
2  - ТАПСЫРМА: Отбасындағы бейбітшілік деген қандай болады? (бейнелеңдер, түрлі - түсті қағазды қолдануға болады, кесте, сызба түрінде көрсетуге болады).
(Балалар қағаздарға орындаған тапсырмаларын қорғайды)

3. Үй тапсырмасын беру.
 Оқулықтан М. Байділдаұлының “Ақ көгершін” әңгімесін оқыңыздар. Оның қандай өнегелік мәні бар деп ойлайсыз? әңгіме мәтінінен осы сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.Ø

Балаларға жапырақтар таратылады, осы жапырақтарға балалар бүкіл әлемге деген тілектерін жазады.
4. “Жүректен – жүрекке” шеңбері.
 Жарайсыздар, балалар! Сіздер “Өзін - өзі тану” сабағында жақсы еңбек еттіңіздер. Ал қазір мен сіздерді “Жүректен - жүрекке” шеңберіне шақырамын. Ортада ағаш.Ø
– Балалар, бұл ағаш бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің символы деп білейік. Жаңа өздерің жазған тілектеріңді оқып, осы ағашқа іліңдер.
- Енді балалар, барлығымыз бір тілек айтайық:

Барша адамға күннің нұрын тілеймін,
Барша адамға сәби үнін тілеймін.
Бейбіт күн – жайқалған шөптерге,
Бейбіт күн – бар жанға, көктемге.

5. Сабаққа қатысып отырған қонақтарға естелік сыйлықтар тарату.
(Жүрекшелер)

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.03.2019 11:16
Құрылған күні: 01.03.2019 11:16

Текст