"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Московский орта мектебінде 23-28 желтоқсан аралығында жоспарға сәйкес жаңа жылдық іс-шаралар өткізілді.

Московский орта мектебінде 23-28 желтоқсан аралығында жоспарға сәйкес жаңа жылдық іс-шаралар өткізілді.

Әр сыныпта жаңа жылдық мультфильмдер мен кинофильмдерден үзінділер көрумен жаңа жылдық сынып сағаттары, конкурстар, өлеңдер оқу, Жаңа жылдық әндерді караоке және Аяз Атаға хат өткізілді. «Үздік жаңа жылдық ойыншық» жалпы мектептік байқауы өткізілді, нәтижелері бойынша жүлдегерлерге Аяз ата мен Ақшақардың грамоталары мен сыйлықтары, ал барлық қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары (ойыншықтар) табыс етілді. 28 желтоқсанда балаларды Аяз Ата мен Ақшақар көңілді жаңа жылдық әндермен қарсы алып, бетперде таратты, содан кейін кабинеттер бойынша өтіп, мектепалды даярлық 10 сынып, барлығы 107 сынып балаларына тәтті сыйлықтар табыс етті . Сатып алынған сыйлықтардың демеушілері "Шыңғысхан" ЖШС - 60000 теңге, "Ілияс Ахметов" ШҚ - 40000 теңге, "Гладких" ЖК - 10000 теңге, "Московское" ШҚ - 50000 теңге, "Самойленко" ЖК-10000 теңге болды, Балаларға арналған сыйлықтарға барлығы 170000 теңге жұмсалды. Балалар үшін бұл Аяз Ата, Ақшақар және сыйлықтармен нағыз мереке болды. Мектеп ұжымы және ата-аналар қауымы біздің демеушілерімізге балаларға деген жомарттық, көңіл мен мейірімділік үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, амандық, сәттілік және бизнестің өркендеуін тілейміз. Жаңа жылыңызбен!

Жаңартылған күні: 29.12.2020 15:43
Құрылған күні: 29.12.2020 15:43

Текст