"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар өткізу туралы

01.03.2023

Аудандық семинар өткізу туралы

 

   Есіл ауданының аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 24 ақпанда мектепте «ЖМО, ағылшын тілі және бастауыш сынып пәндері бойынша білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.   Семинарға РҚБ әдіскерлері мен Есіл ауданының мұғалімдері қатысты. Семинарды аттестатталатын педагогтар өткізді: химия және биология мұғалімі Холод Н.А. – «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын растау, мемлекеттік тілде оқытатын физика пәнінің мұғалімі Құрманәлі А. Б. – «педагог – модератор» санатын беру, ағылшын тілі мұғалімі Е.П. Аралбаева - "педагог – модератор" санатын беру, мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі Г. Г. Бекишева - "педагог-модератор"атағын беру. Мұғалімдер АКТ, үлестірме материалды, бағалаудың әртүрлі түрлерін, рефлексияны қолдана отырып сабақ өткізді. Оқытуда тұлғаға бағытталған тәсіл, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылды.

 Семинар өткен 2-4, 5-6, 8-11 сынып оқушылары өздерінің функционалдық сауаттылығын, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын және сөйлеу дағдыларын жақсы көрсетті. Семинар жақсы әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды.

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст