"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылға арналған есеп

29.02.2024

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Московский ауылы, Почтовая көшесі, 14.   

«Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММЗаңды мекенжайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Московский ауылы, Почтовая көшесі, 14.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ, 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

          2023 жылы 17 қызмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны –14;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 3

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

 

  2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

            Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған   http://esil.aqmoedu.gov.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754«Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету негізгі талаптар тізбесі  мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

 

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2023 жылы «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ әлеуметтік желілерде инстаграмдағы парақшада, мектептің сайтында қызмет көрсету бойынша материалдар үнемі жіберіліп, ХҚКО арқылы тікелей эфирлер өткізілді, сондай ақ портал арқылы түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндіктері туралы түрлі оқыту семинарлары өткізілді.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ бірыңғай ақпараттық жүйеде Аkmola.kz порталында  жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қолжетімді компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген , 1 қызметкер қызмет көрсетеді.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Мемлкеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3. Мемлкеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

 

Қоғамдық мониторингінің нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабыдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2024 жылы «Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

                            

 

 

                                       Мектеп директоры                    Туреходжаев Б.Б.

 

 

 

 

Орынд. Алмасбек А.

Тел.28 3 73

 

 

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст