"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің кейбір мәселелері туралы

06.10.2020

Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 шiлдеде № 20935 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабының 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

 

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 5 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына
қосымша

 

"Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына және 145-бабының 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және коронавирустық инфекцияның пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайларда санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) COVID-19 коронавирустық инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) – коронавирустар тұқымдасы вирусының жаңа типі тудырған инфекциялық ауру;

      2) төсек қорының қамтылу пайызы (бұдан әрі – ТҚҚП) – COVID-19 науқастары жатқан төсек санының COVID-19 науқастарына көзделген төсектердің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      3) R репродуктивтік саны – коронавирустық инфекциямен ауыратын бір науқас орташа алғанда ауру жұқтыратын байланыста болған адамдардың саны;

      4) әлеуметтік қашықтық – COVID-19-дан қорғауды қамтамасыз ететін адамдар арасындағы 1,5 метр деңгейдегі қашықтық;

      5) бұқаралық іс-шара – бірге тұратын адамдар санын қоспағанда, 10-нан астам адамның қатысуымен ойын-сауық, спорттық, діни және отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және үйде өткізілетіндерді қоса алғанда, кез келген осындай іс-шаралар), көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де іс-шаралар нысандары;

      6) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер – Кодекстің 21-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен оның орынбасарлары, тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын орынбасарлары.

2-тарау. COVID-19 таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген) сәйкес шаралар қабылдайды және тиісті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауына міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

      4. COVID-19 таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер:

      1) өңірлер арасындағы авиақатынастарды, теміржол тасымалдарын, басқа да жолаушылар тасымалдарын реттеуді, сондай-ақ жеке автокөлік құралдарындағы қозғалысты реттеуді;

      2) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді реттеуді;

      3) бірге тұратын адамдар ғана қатысатын іс-шараларды қоспағанда, діни, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды реттеуді;

      4) объектілердің қызметін реттеуді;

      5) халықтың жүріп-тұруын реттеуді;

      6) карантин кезеңінде олардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілей отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметін реттеуді;

      7) қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да тұрғын объектілеріне санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді реттеуді;

      8) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылдауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      5. COVID-19 таралу қаупінің пайда болуының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері әрбір өңір үшін есептеуді "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚДСҰО) күнделікті өзінің сайтында орналастыра отырып жүргізетін 7 күн ішіндегі ТҚҚП өлшемшарттарының және R репродуктивтік санының (бұдан әрі – R) орташа мәнінің көрсеткіштерін айқындайды.

3-тарау. COVID-19 таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      6. Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін:

      1) COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары адамдар топтарын анықтау;

      2) жеке қорғаныш құралдарын және антисептиктерді пайдалану, оның ішінде ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде) медициналық маска кию;

      3) жанаспайтын термометрияға арналған құралдарды пайдалану;

      4) адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтық;

      5) үй-жайларды желдету және дезинфекциялау;

      6) стационарлардың жұмыс істеуі;

      7) осы Санитариялық қағидаларға және бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер белгілейтін талаптарға сәйкес ерекше жұмыс режимі;

      8) денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулау үшін үй-жайлар бөлу;

      9) денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің күнделікті ағымын (басқа нозологиялық аурулар бойынша) олардың COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлу жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2020 № ҚР ДСМ-91/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар анықталған жағдайда оларды карантинге оқшаулау жүзеге асырылады.

      8. COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер:

      1) кіреберісте жұмыскерлердің, келушілердің дене температурасын бақылауға арналған қондырғылармен (аспаптармен);

      2) кіреберісте, холлдарда, лифттерге кіреберістерде, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлермен;

      3) дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдармен;

      4) санитариялық тораптарда жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);

      5) жұмыс орындарында антисептиктермен;

      6) қызметкерлердің жұмысқа шығуын белгілеу, болмау себептері көрсетілген мониторинг журналдарымен;

      7) қозғалыстың қарқындылығы байқалатын адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендегі белгілер арқылы немесе шектеу бағандары арқылы орын таңбаларымен;

      8) бактерицидті шамдармен немесе рециркуляторлармен қамтамасыз етіледі.

      9. Жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында маскалар мен қолғаптар уақтылы ауыстырылуға жатады (маскалар әрбір 2 сағат сайын, қолғаптар зақымданған жағдайда).

      10. Температураны өлшеу, желдету, адамдардың арасындағы қашықтық және жеке қорғаныш құралдарын пайдалану үшін мынадай қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі:

      1) азық-түлік дүкендеріне барған кезде келуші мен жұмыскер арасында кемінде екі метр қашықтық сақталады және сауда базарларының келушілермен толтырылуы әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен жалпы сыйымдылықтың 30%-ы;

      2) жұмыстар мен қызметтерді көрсету орындарына бару алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады;

      3) қоғамдық тамақтану пункттерінде үстелдер бір-бірінен кемінде екі метр жерде орналастырылады;

      4) қызмет көрсету саласындағы объектілерде жұмыс орындары бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;

      5) қызметкерлер бір үй-жайда бір-бірінен кемінде екі метр арақашықтықта орналасады;

      6) сауда орталықтарының ішінде желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің жарамды жұмысы жүзеге асырылады;

      7) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанатын жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;

      8) қызметтік көлікті қоса алғанда, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторларында қолды өңдеуге арналған антисептиктердің және жеке қорғаныш құралдарының болуы;

      9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады;

      10) тамақ өнімдерін өткізу өлшеп-оралған түрде жүзеге асырылады (кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда);

      11) теміржол, әуе, су және автовокзалдардың кіреберістерінде жанаспайтын термометрия қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2020 № ҚР ДСМ-91/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.07.2020 № ҚР ДСМ - 93/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жерлерде және (немесе) объектілерде мыналар:

      1) ұжымдық, бұқаралық және ойын-сайық іс-шараларын өткізу;

      2) 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы;

      3) ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде) адамдардың үш адамнан асатын топпен (отбасы мүшелерін қоспағанда) болуы және жүріп-тұруы (қозғалысы) жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.07.2020 № ҚР ДСМ-91/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылатын және жүргізілетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және (немесе) объектілерде инфекцияны шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді, COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды, COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдарды, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігімен келген адамдарды іздеуді және карантинге жатқызуды жүзеге асырады, сондай-ақ зертханалық тексеруді, емдеуді, байланыста болған адамдарды, сотталғандар арасындағы адамдарды медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтитын эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.

      13. Инфекцияны шоғырландыру үшін жергілікті атқарушы органдар COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар үшін провизорлық стационарлардың және COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар үшін карантиндік стационарлардың, шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу үшін көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуін, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      14. Карантиндік стационарларды медициналық емес ұйымдарда (қонақ үйлер, жатақханалар, санаторийлер және басқалары) орналастыру кезінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, карантин талаптарының сақталуын тәулік бойы бақылау бекеттерінің жұмысы жүзеге асырылады.

      15. Инфекцияны шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес аймақтарға бөлу және жұмыс режимі сақталады.

      16. Стационарлар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, реанимациялық және шығыс материалдарының қажетті мөлшерімен, тест-жүйелермен, диагностикумдармен, дезинфекциялық препараттармен, жеке кереуеттермен қамтамасыз етіледі.

      17. Денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған үй-жайлар бөлінеді, сондай-ақ пациенттердің күнделікті ағымын (басқа нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлу жүзеге асырылады, сондай-ақ температураны өлшеу үшін тепловизорлар пайдаланылады.

      18. Пациентте CОVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациентпен байланыста болған денсаулық сақтау ұйымының жұмыскері үй карантиніне оқшауланады және COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады.

      19. Медициналық ұйымдардың инфекциялық және провизорлық стационарларының төсек қуатының 70%-ынан астамы толған кезде гемодиализ көрсетілетін қызметтерін және онкологиялық науқастарға, сондай-ақ емдеуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтер көрсету тоқтатыла тұруға жатады.

      20. Көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттер хирургиялық және терапевтік бейіндер бойынша жеке бөлінеді.

      21. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы инфекцияны шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде:

      1) COVID-19 науқасына COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап 3 сағат ішінде сұрау жүргізуді;

      2) тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболизм синдромы, бүйректің созылмалы аурулары бар 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылар ошақтарын қоспағанда, COVID-19 жағдайының тіркелгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді;

      3) санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес расталған COVID-19 (ықтимал) диагнозы бар және COVID-19 науқастарымен жақын байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізуді;

      4) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға беру арқылы сауалнамаларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді;

      5) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

      6) Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес үйде оқшаулауды (үй карантині) сақтау қажеттілігі туралы үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды хабардар етуді;

      7) зертханалық растауды алған сәттен бастап 12 сағат ішінде ҚДСҰО-ға COVID-19-дың әрбір жаңа жағдайы туралы ақпарат беруді;

      8) инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

      9) COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар етуді;

      10) COVID-19 сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, Қазақстан Республикасының шекарасынан өтетін адамдар туралы күн сайынғы мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты келесі күнгі сағат 02-00-ге дейін ҚДСҰО-ға беруді;

      11) жеке құрам мен азаматтық персонал арасында COVID-19 расталған жағдайлары анықталған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді;

      12) халықты сапасына кепілдік берілген ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды;

      13) әкімшілік шаралар қолданбай, халыққа берілетін су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингін;

      14) карантин режимінің сақталуын бақылау шеңберінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын азық-түлік дүкендерін және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды жүзеге асырады.

      22. ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      23. COVID19 бойынша сырқаттанушылық жағдайы асқынған кезде:

      1) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары COVID-19-ды шоғырландыру жөніндегі іс-шараларға көмек көрсетуге;

      2) медициналық ұйымдардың зертханалары патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге уақытша рұқсат (ол болмаған жағдайда) алғаннан кейін COVID-19 диагностикасын жүргізуге тартылады.

      24. Осы Санитариялық қағидаларда белгіленген талаптар бұзылған және сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік көзделеді.

 

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 5 шілдедегі
№ ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына
2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Зираттар зираттың қоршауынан есептегенде:

      1) бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейін – кемінде 300 метр;

      2) су көзін санитариялық қорғау аймақтарының белдеулері мен сүзу уақытын есептеулерімен арақашықтықтың жеткіліктілігін растай отырып, халықты ауызсумен жабдықтау көзіне дейін – кемінде 1000 метр қашықтықта орналастырылады. Жабық зираттар үшін бірінші тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, спорттық-сауықтыру және санаторлық-курорттық аймақтарға дейінгі қашықтық кемінде 100 метр болады.";

      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда діни объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10728 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 18 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.";

      9 және 11-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Автокөлік кәсіпорындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, автожанармай құю және автогаз құю станцияларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "11-тарау. Теңіз және өзен порттарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";

      мынадай мазмұндағы 21-тараумен толықтырылсын:

      "21-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

      264. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.

      265. Әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      266. Автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      267. Инфекциялық аурулардың, оның ішінде COVID-19-дың әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайында блок бекеттер қызметі осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";

      осы тізбеге 34 және 5-қосымшаларға сәйкес 8, 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын.

      3. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10939 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      12345 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "3-тарау. Өндірістік ғимараттарға, үй-жайларға және құрылыстарға, жұмыс істейтін адамдардың еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "4-тарау. Өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге, жабдықтарға және жұмыс орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "5-тарау. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "6-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды;";

      мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:

      "7-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

      227. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.

      228. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      229. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыскерлерінің шығуы (келуі) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      230. Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.";

      осы тізбеге 67 және 8-қосымшаларға сәйкес 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      4. "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89469 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезінде еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу және іске қосу, пайдалану кезіндегі еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      мынадай мазмұндағы 149-тармақпен толықтырылсын:

      "149. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      5. "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 10796 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 16 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      123456 78 және 9-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "3-тарау. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "4-тарау. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "5-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "6-тарау. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "7-тарау. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "8-тарау. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар";

      "9-тарау. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";

      мынадай мазмұндағы 10-тараумен толықтырылсын:

      "10-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

      190. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.

      191. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметі медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

      192. Бизнес орталықтардың жұмысы (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері және т.б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

      193. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (баспахана қызметін көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) және өзге де объектілердің қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмай, осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      194. Халықтың (қонақ үйлердің, отельдердің) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      195. Мәдениет объектілерінің қызметі (жеке және 30 адамға дейін топтық дайындық) осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

      196. СПА орталықтарының, моншалардың, хауыздардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      197. Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалары) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

      198. Халыққа арналған фитнес, спорт кешендері қызметтерін көрсету жөніндегі объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";

      осы тізбеге 101112 10, 11, 12, 131415 және 16-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.

      6. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15689 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 111-тармақпен толықтырылсын:

      "111. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілерінде шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 21-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      8. "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Жолаушылар поезының әрбір вагонының салонында жолаушылар үшін қолжетімді орында вагон үй-жайларын тазалау кестесі ілінеді. МВЖҚ үшін құрамға бір жинау кестесі.

      71. Табиғи толтырғышы бар матрастар, жастықтар және қысқы көрпелер маусымдық дайындық кезінде, сондай-ақ ластануына қарай және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жылына екі рет шаңнан тазартылады және камералық өңделеді.

      Камералық зарарсыздандыруға жатпайтын синтетикалық толтырғышы бар матрастар мен жастықтар тоқсанына бір рет, сондай-ақ ластануына қарай және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Жазғы көрпелер айына екі рет және ластануына қарай жуылады немесе химиялық тазаланады.

      Әмбебап көрпелер (пледтер) тоқсанына бір рет және ластануына қарай химиялық тазартылады.

      Матрастың тыстары және жастықтардың тыстары айына кемінде бір рет жуылады. Жастықтарды, жаймаларды, көрпе тыстарды ауыстыру әрбір рейстен кейін жүргізіледі.

      Күннен қорғайтын перделерді ауыстыру әрбір рейстен кейін және ластануына қарай жүргізіледі.

      Кілемшелер таза ұсталады, тоқсанына бір реттен сиретпей жуылады немесе химиялық тазартылады.";

      75 және 76-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Вагондар сыртқы және ішкі өңдеу аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы мүкәммалмен, шай керек-жарақтарымен және ыдыспен, сабынмен, дәретхана қағазымен, қағаз сүлгілермен жабдықталады.

      Жарықтары, сынықтары, шеттері сынған, деформацияланған, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

      76. Жолаушылар төсек-орын керек-жарақтарымен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Рейске берілетін төсек-орын жабдығының саны рейстің ұзақтығына, жолаушылар ағымына және жолаушыларға арналған вагондағы орын санына қарай анықталады.

      Төсек-орын жабдығының жиынтығына кептірілген, үтіктелген, пломбаланған немесе кір жуатын орынның мөртабаны қойылған арнайы жапсырмасы бар конвертте (пакетте) тігілген, жиынтықтаушы күні мен нөмірі көрсетілген екі жайма (немесе бір жайма және бір көрпе тысы), жабық түрдегі жастық тысы (жастық тыстары) және сүлгі (сүлгілер) кіреді.

      Төсек-орын керек-жарақтарының жиынтығына матрас, жастық (жастықтар), көрпе (қысқы немесе жазғы) немесе әмбебап көрпе (плед) кіреді.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Жолаушылар поезының штабтық вагоны немесе рейске жөнелтілетін МВЖҚ-ның бір негізгі вагоны "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11421 болып тіркелген) сәйкес медициналық дәрі қобдишаларымен жинақталған машинистпен радиобайланыспен, жолда карантиндік аурумен ауыратын науқас немесе жұқтыруға күдікті науқас анықталған жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық зембілдермен, эпидемияға қарсы жинақпен жабдықталады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Жолаушылар поезының жүру жолында вагонның үй-жайлары таза ұсталады. Үй-жайларды ылғалды жинау тәулігіне кемінде екі рет, дәретханаларды ылғалды жинау тәулігіне кемінде төрт рет, кілемшелер мен жұмсақ жиһаздарды шаңнан тазарту шаңсорғышпен тәулігіне кемінде екі рет және ластануына қарай жүргізіледі. Ылғалды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, арнайы киіммен жүргізіледі.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Жол жүру ұзақтығы бір тәуліктен артық болған кезде жолаушылар поезының схемасына вагон-мейрамхана (вагон-бар, вагон-буфет (купе-буфет) кіреді немесе оның сәйкестігі мен адам денсаулығы үшін қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған кезде ыстық тамақ өнімдерін сату (өнеркәсіптік қаптамада тез дайындалатын) ұйымдастырылады.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Фаянс, фарфор, шыны асхана және шай ыдыстары, тот баспайтын болаттан жасалған асхана құралдары қолданылады. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген полимерлік материалдардан жасалған ыдыстарды нормалау құжаттарына сәйкес пайдалануға жол беріледі.

      Жарықтары, сынықтары, шеттері сынған, деформацияланған, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Жолаушылар поезының әрбір вагонында поезд жүретін барлық темір жолдар бойынша санитариялық аймақтардың шекарасы және олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы ақпарат ілінеді. Вагондарды тұйық үлгідегі дәретхана жүйелерімен жабдықтау кезінде оларды поездың барлық жол бойында және тұрақтарда пайдалануға жол беріледі.";

      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Жолаушылар тасымалына арналған әуе кемесі "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығымен, медициналық көмек жиынтығымен, әмбебап профилактикалық жиынтықпен және автоматты сыртқы дефибриллятормен және осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген мүкәммалмен және гигиена құралдарымен жабдықталады.";

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Жолаушылар салонын, санитариялық-техникалық жабдықтарды, дәретханаларды ылғалды жинау әрбір рейстен кейін, аралық немесе базалық әуежайға келгеннен кейін жүргізіледі.

      Жолаушылар салонын, экипаж кабинасын, санитариялық-техникалық жабдықтарды, дәретханаларды, багаж бөліктерін күрделі жинау аралық немесе базалық әуежайға келгеннен кейін айына бір рет жүргізіледі.

      Ылғалды және күрделі жинауды салонда бастайды, дәретханада жинау соңғы кезекте жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.";

      211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "211. Салонда кілемшелер, креслолардың тысы, қайырмалы үстелдер, жүк сөрелері жиналады. Кілемдерді тазалау шаңсорғыштармен жүргізіледі. Жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинауға төзімді бас сүйегіштерді қоспағанда, креслолардың бас сүйегіштері жолаушы ауысқан кезде әрбір рейстен немесе аралық аялдамадан кейін ауыстыруға жатады. Қайырмалы үстелдер, жүк сөрелері, шынтақ қойғыштар жууға және дезинфекциялау құралымен екі рет өңдеуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 252-1-тармақпен толықтырылсын:

      "252-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын объектілерде (қоғамдық автомобиль көлігі) шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      4-қосымша осы тізбеге 22-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы тізбеге 23-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 24-қосымшаға сәйкес 25-қосымшамен толықтырылсын.

      9. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда қосымша білім беру ұйымдарына шектеу іс-шаралары енгізіледі және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 25-қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.

      10. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115416 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 124-1-тармақпен толықтырылсын:

      "124-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 26-қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.

      11. "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 23 мамырда № 16913 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 79-1, 79-2 және 79-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "79-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.

      79-2. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады..

      79-3. Меншік нысанына қарамастан балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.";

      осы тізбеге 27 және 28-қосымшаларға сәйкес 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.

      12. "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 17179 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге";

      мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:

      "9-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар

      180. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.

      181. Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.

      182. Шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.";

      осы тізбеге 29 және 30-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

      13. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды (вахталық кенттерді, стационарлық емес объектілер мен құрылыстарды) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырады. Қалыптасқан құрылыс салынатын аудандарда санитариялық ажырауларды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:

      "66-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.";

      74-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қалдықтарды қысыммен су буымен стерильдеуді көздейтін автоклавтау;";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Полигонды жер асты сулары 2 м-ден астам тереңдікте жатқан және сүзу коэффициенті тәулігіне 10 м-ден аспайтын өтімдігі аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Түбі мен қабырғалары гидрооқшаулаумен орнатылады.";

      осы тізбеге 31-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      14. "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қарашада № 17769 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 18-1 тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа кеңселердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сай әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз етіледі.";

      осы тізбеге 32-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

Просмотров: 832


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст