"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Московский орта мектебі» КММ 10 «а» сыныбында 2017-2018оқу жылының І жартыжылдығы бойынша өткізілген тәрбие жұмысының есебі

26.12.2017

«Московский

орта  мектебі» КММ 10 «а» сыныбында

2017-2018оқу жылының

І жартыжылдығы бойынша өткізілген

тәрбие жұмысының есебі

 

2017-2017 оқу жылында  10 «а» сыныбында тәрбие жоспарында бекітілген

түрлі тақырыптарда сынып сағаттары мен мектепішілік іс-шаралар, пікірталастар

мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

   1 қыркүйек –Білім күніне арналған «Мен

Отанымның патриотымын» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында  оқушылар Тәуелсіз еліміздің 27 жыл ішінде қандай

жетістіктерге қол жеткізгенін, әлем елдерімен қандай қарым-қатынаста болғанын,

«ЭКСПО-2017» елімізде өтуі сабақта әңгіме барысында арқау болды.  Оқушыларды Ұлтжандылыққа және азаматтыққа тәрбиелеу

бағытында мынандай сынып сағаттары өткізілді: «Тіл – халық жанын танудың

кілті», «Бақытты бола аласың ба?», «Аталар сөзі-ақылдың көзі», «Мәңгілік өмір сүруге

қадам», «Адамгершілік – асыл қасиет»т.б.

  Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында:

«Мәңгілік өмір сүруге қадам «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі», «Денсаулығым

бақытым», «Тұмау және оның алдын алу»,т.б. тақырыптарда сынып оқушылары тақырып

негізінде өрбіген сұрақтарды талқыға салды. Сонымен қатар, Қазақстан

Республикасының биыл 27 жыл толуын тойлау мақсатында мектепішілік мерекелік

шара өтті. Бұл шараға 10 «А» сынып оқушылары да ат  салысты. Шара барысында мектеп оқушыларының

5-11 сыныптарынан құрылған командалар қатысты. Сынып оқушылары және

ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, онда оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу үлгірімі

туралы,тазалықтары жөнінде айтылды. 10 «А» сынып оқушыларының ҰБТ бақылауға

дайындықтары туралы ата-аналарымен әңгіме жүргізілді.

  Күзгі, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік

шараларының нұсқаулығымен оқушылармен бірге ата-аналары да таныстырылды.  Оқушылармен мектеп бойынша мектеп ауласын

тазарту,көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп,гүлзарларға гүлдер , мектеп ауласына

көшеттер отырғызылды.

  Мектептегі сыныптан тыс, мерекелік іс-шараларға

оқушылар бір адамдай атсалысып, өнерлерін көрсетті. Олардың қатарына мына оқушыларды

алуға болады: Орасбекқызы А., Манарбек М., Аней Е., Зана Ж.,Жомарт А.

                          Сынып жетекшісі             Маханова Л.Т.

 

1 Мамыр Қазақстан Халықтары

бірлігі күніне арналған «Өткеніміз-өнеге, күткеніміз- келешек» атты оқушылар

арасында пікір –талас өтті.Оқушылар соңында ,елімізде тұрып жатқан діні- басқа,үміт-мақсаты

бір 130 –дан астам ұлт өкілдерінің, Тәуелсіз 

қазақ жерінде бейбіт те, бақытты, «Ел тағдыры-біздің ортақ тағдырымыз»

деп ұрандаған өмірлері жайлы сөз қозғады. 

   9 Мамыр Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына

арналған  жалпы мектепішілік 1-11

сыныптардың қатысуымен мерекелік іс шара өтті. 15 мамыр «Отбасы күніне» арналған

«Мінез- құлық тәртібі туралы ойланайық» тақырыбында сынып сағаты өтті.Онда оқушылар

отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор ,сыпайы ,ілтипатты болып, өз елінің қамын

ойлайтын, ата-анасын сыйлай білудің жолдары жайлы бірлесе пікір алысып, өмірдегі

ата-ананың алатын орыны ерекше екендігін түйіндеді.8 «А» сынып оқушыларымен

мамандық таңдау мақсатында «Мамандығы қтың бәрі жақсы»тақырыбында сынып сағаты өткізіліп,

мамандықтарды талдай және таңдай білу туралы бірнеше кеңестер берілді.

  Күзгі , қысқы,көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік

шараларының нұсқаулығымен оқушылармен бірге ата-аналары да таныстырылды.  Оқушылармен мектеп бойынша мектеп ауласын

тазарту,көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп,гүлзарларға гүлдер , мектеп ауласына

көшеттер отырғызылды.

  Мектептегі сыныптан тыс, мерекелік іс-шараларға

оқушылар бір адамдай атсалысып, өнерлерін көрсетті. Олардың қатарына мына оқушыларды

алуға болады: Орасбекқызы А.,Манарбек М., Аней Е., Бекболат Х., Зана Ж.,Жомарт

А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Московский

орта  мектебі» ММ 9 «а» сыныбында

І жартыжылдық бойынша өткізілген  тәрбие жұмысының есебі

2016-2017

оқу жылында  9 «а» сыныбында түрлі тақырыптарда

сынып сағаттары мен мектепішілік іс-шаралар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер

ұйымдастырылды.

   Оқу жылының басында сынып оқушылары арасында

сынып белсенділері тағайындалып, ата- аналар жиналысында ата-аналардың қатысуымен

сыныбымыз бойынша ата-аналар комитетінің мүшесін тағайындау ұсынылып,

ата-аналар бірауыздан былтырғы оқу жылы бойынша Калым А. Мен Акбар Н. қалдыруды

ұсынды.

  1 қыркүйек –Білім күніне арналған «Мен өз

елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында  оқушылар Тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде қандай

жетістіктерге қол жеткізгенін, әлем елдерімен қандай қарым-қатынаста болғанын,

2017 жылы «ЭКСПО-2017» елімізде өтуі сабақта әңгіме барысында арқау болды.  Оқушыларды Ұлтжандылыққа және азаматтыққа тәрбиелеу

бағытында мынандай сынып сағаттары өткізілді: «Тіл – халық жанын танудың

кілті», «Бақытты бола аласыз ба?», 

«Туризм не үшін керек?», «Өзіңді қандықол қарақшылардан қалай қорғайсың?»,

«Аталар сөзі, ақылдың көзі», «Отан – отбасынан басталады», «Менің мектептегі

міндеттерім», «Бейбітшілік мектебі» т.б. тақырыптарда тәрбие жоспары бойынша

жоспарланған сынып сағаттары өткізілді.

   Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында:

«Денім сау болсын десең...»  тақырыптарда

сынып оқушылары тақырып негізінде өрбіген сұрақтарды талқыға салды. Сонымен қатар,

Қазақстан Республикасының биыл 25 жыл толуын тойлау мақсатында «Тәуелсіздік – Қазақстан

халықтарының ең басты құндылығы» тақырыбында 9 «а» және 8 «А» сынып оқушылары

арасында тарих  пәнінің мұғалімі

Таганбаева З.С. жарыс сабағын  ұйымдастырылды.Әр

топ ел тарихы бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті.Сонымен

қатар Тәуелсіздік туралы фильмді тамашалады.

  Сынып оқушылары мектептегі мерекелік

іс-шараларға қатысып «Күзгі балл» мерекесін 

және «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекесін өткізу барысында сынып бойынша

белсенділік анытып отырды.  Күзгі, қысқы  демалыс кезіндегі, мереке күндердегі қауіпсіздік

шараларының нұсқаулығымен оқушылармен бірге ата-аналары да таныстырылды.

  Мектептегі сыныптан тыс, мерекелік іс-шараларға

оқушылар бір адамдай атсалысып, өнерлерін көрсетті. Олардың қатарына мына оқушыларды

алуға болады: Орасбекқызы А.,Манарбек М., Аней Е., Бекболат Х., Зана Ж.,Жомарт

А., Бекболат Х., Мурат Ж.

 

 

Сыныпжетекшісі                                              Маханова

Л.Т.

 

 

 

 

«Московский

орта  мектебі» ММ 9 «а» сыныбында

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша өткізілген

 

жұмыстардың есебі

2016-2017 оқу жылында  9 «а» сыныбында2016-2017 оқу жылында  9 «а» сыныбында «Құқық бұзушылықтың алдын

алу» бойынша оқушылармен біршеше жұмыстар мен іс- шаралар жүргізілді.Бүгінгі күнгі

қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер

арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың

өсуіне жол бермеу.Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс

мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.

Құқық бұзушылықты

болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте түрлі жұмыстар атқарылыпкеледі.

Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін

іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген

іс-шаралар өткізіліп отырды. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың

алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу

жөнінде Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі, мектептегі психолог жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, бүгінде мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған 9 «А»

сыныбының барлық  оқушылары  тартылып отыр. «Балалар түнгі көшеде»

атты  құрамында мұғалімдер, ата-аналар

комитеті, ауыл әкімшілігінен құралған топ түнде кезекшілік жүргізіп отырады.

Мектепте сынып сағаттарында құқықтық білім туралы әңгімелер жүргізіп, оқушылардың

білімдерін толықтырып, жаман жолға түспеу керегін басты назарда ұстауларын

айттым.

Қылмыстың алдын

алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын

дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс шаралар, спорттық үйірмелер

оқушыларды біліммен қамтып отыр. 9 «А» сыныбында тәртібі нашар, ішкі істер бөлімдерінде

есепте тұрған оқушылар жоқ. Балалар бос уақыттарында көше қыдырып, мезгілсіз уақыттарда

көшеде жүрмейді. «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша» ата-аналармен өткен

жиналыстарда түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, балаларын үйде қадағалап, үнемі

ондай жолға бармауы туралы сөйлесіп отыруларын ескерттім.

 

Сынып жетекшісі                Маханова Л.Т.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст