«Жас Қыран»
ұйымына қабылдау.
14 желтоқсан күні мектебімізде
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау жиыны болып өтті.
Бұл жиында республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Қыран» қатырына
бастауыш сынып оқушыларын
салтанатты түрде қабылдадық.
Мектебіміздің үздік, белсенді
оқушылары қабылданатын бұл ұйымға
3 «А» сыныбының оқушысы Төлеубай Серікжан, 3
«Б» сыныбының оқушысы Гайдуллин Рустам мен 4 «А» сыныбының оқушысы Аней Ақылбек
қабылданды. Оқушыларға төсбелгілер мен галстуктар тағу рәсімі директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Секретоваға берілді.
«Жас Қыран» қатарына қабылданған
бұл оқушыларды Отанымыздың жанашырлары, өз елінің нағыз патриоттары болсын деп
тілейміз.