"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Менің досым - Қарлығаш!»

12.12.2017

Тақырыбы: « Менің

 досым - Қарлығаш!»

Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін толықтыру. Құстарды ажыратып, атын атай

білуге, құстар туралы халық болжамдарын игеруге дағдыландыру. Шығармашылық

қабілеттерін дамыту. Құстар туралы мақал - мәтелдерді айта білуге үйрету.

Тәрбиешінің іс - әрекеті:

Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!

Балалар барлығымыз жайланып отырып көзімізді жұмамыз. Өзімізді орманда жүрміз

деп елестетейік. Жапырақ иісін иіскеп құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып келеміз.

Аяқ астымызда сылдырап су ағып жатыр. Судың дауысын естуге тырысайық! Судың

аққанын, орман тыныштығын құстардың әнін естуге тырысайық! Осылардың барлығын

тыңдап өзімізге жайлы орынға отырайық! Жанымызда раушан гүлі өсіп тұр. Оны алып

құшырлана иіске, ол сенің бүкіл денеңе хош иіс береді. Өзіңнің демалғаныңды

сезген кезде көздеріңді ашуларыңа болады.

- Балалар біздер көз алдымызға нені елестеттік?. Табиғат туралы.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінің неше айы

бар?

- Қазір қандай ай?

- Жарайсыңдар, көктем мезгілінде қандай табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар көктемде жылы жақтан құстар келеді екен. Қандай құстар келетінін

білеміз бе?

- Жақсы балалар, құстар туралы қане кім тақпақ біледі.

- Ал енді балалар құстар туралы қандай мақал мәтелдер білеміз?

- Жақсы балалар. Енді көктемде алғаш келетін

құстардың бірі адамның досы қандай құс?

Қарлығаш балалар адамның досы екен. ол өз ұясын ағаш басына, үй төбесіне салады

екен.

Аққу, көгершін, қыран, сұңқар суреттері)

Тағы қандай киелі құстарды білеміз?

- Балалар қане суретке назар салайық.

Не көріп тұрмыз?

Ағаштар басында құстар қалай орналасқан?

- Құстардың жоғары - төмен ұшуына байланысты қазақ халқымыз ауа - райын

болжауды үйреніпті.

- Балалар енді біліп жүретін боламыз.

Жарайсыңдар, енді балалар

«Күн мен жаңбыр»ойынын ойнап жіберейік.(Шартын түсіндіремін)

Суреттерді сандармен сәйкестендіру.

Балалар біздер ге мынадай тапсырма беріліп тұр екен.

Барлығымыз суретке қарайықшы.

Нені көріп тұрмыз?

Барлығымыз алдымызда үлестірілген тапсырмаларға назар аударамыз. Суреттерді

қарап санап, қалташаларына санын саламыз.

(суретке қарап)

- Мынау не балалар?

- сурет бойынша күн нешеу?

Ендеше 1 санын күннің қалташасына саламыз.

- Тағы нені көріп тұрмыз?

- Ал бұлттар нешеу екен? 3 санын бұлттар қалташасына саламыз.

Суретте тағы нелер бейнеленген?

- Олардың саны қанша екен?

Ендеше 3 санын қалташасына саламыз.

- Тағы балалар суретке назар аударайық. Тағы нелер бар?

- Құстардың саны нешеу екен? Санайықшы.

- Олай болса 4 санын қалташасына саламыз.

Сергіту сәті:«Ну ормандағы жаңбыр»

Барлығымыз оңға бұрыламыз. Екі қолымыздың саусақтарының көмегі арқылы

алдымыздағы балалардың арқасына сергіту жаттығуларын жасаймыз.

- Күн ашық еді. кенет жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр нөсерлете жауды. Жаңбыр қатты

жауды. Жауын басылды, күн шайдай ашылды.

-(Суретке назар аудартады.)

- Балалар суреттен нені көріп тұрмыз?

- Ол дұрыс па балалар?

- Осыған байланысты біз қандай тиым сөздер білеміз?

- Жарайсыңдар балалар! Біздер құстарды мәпелеп аялауымыз керек! Олар біздің

қанатты достарымыз.

- Балалар оқу іс әрекетімізді қорытындылау үшін мынадай тапсырманы орындайық!

- Мына жапсыру жұмысы бойынша аяқталмаған жұмыстарды аяқтауымыз керек екен.

Қолымызға желімді алып жұмысты орындаймыз.

- Қане балалар жұмысты орындауға кірісейік.

- Қане балалар енді аяқтамаған жұмыстарымызды топқа барып орындаймыз!

Қане балалар қонақтармен қоштасамыз!


Балалардың іс - әрекеті

Тыныштық сәті.

Балалар тәрбиешінің айтқанымен көздерін жұмып тыныштық сәтіне енеді.

- Ормандағы құстар мен ағаштарды. Құстардың дауысын есіттік.

- Көктем мезгілі.

- Үш айы

бар. Наурыз, сәуір, мамыр.


- Сәуір айы.

- Күн жылынады, сай саладан су ағады, ағаш жапырақтары бүршік жарады, адамдар

жеңіл киінеді. Балалар құстарға ұя жасайды.

Я білеміз.

Қараторғай, Қарлығаш, Қаз, Үйрек. Көгершін.

Шаттық: Құстың мамығынан қорған үюге болады.

«Қарлығаш»

Халық ежелден - ақ құстарға әуес. Халық өз ортасынан шыққан, саңлақ ұлдарын

сұңқарға теңесе, ел үшін Отан үшін жанын қиған батырларын қыранға, төгілте ән

шырқайтын әншісін бұлбұлға, елден асқан сұлуды аққуға теңеген. Бейбітшілік пен

достықтың белгісі деп ақ

көгершінді санайды.

- Ағаштар, қарлығаш.

- Біреуі төмен, біреуі жоғары.

Қарлығаш жоғары ұшса, ауа - райы жақсарады.

Ал төмен, жер бауырлай ұшса ауа - райы бұзылады.

Балалар суретке назар салады.

- Табиғат суретін.

- Күн.

- Біреу.

- Бұлттар

- Үшеу.

- Ағаштар.

- Екеу.

- Құстар.

- Төртеу.

Құс ұясын бұзба.

құс жұмыртқасын бұзба.

- Балалар қолдарына желім алып жұмысты орындайды.

 

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст