"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Полиция – дос және қорғаушы

27.11.2017

 

Полиция – дос және қорғаушы

 

Мақсаты: І. Оқушылардың

құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін

қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Түрі: Кездесу, пікірталас.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, таратпалар.

Барысы: (күй орындалып тұрады) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды тынышталдырып, сабаққа назарын аудару.


1. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар «Полиция – дос және қорғаушы»

атты сайыс тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бұл тәрбие сағатының негізгі

мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және

қылмыс белгілермен, түрлерімен таныстыру. Қоғамның заңдарымен нормаларын

орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.


2. Құқық туралы жалпы түсінік. Интерактивті тақтаға назар аударайық.

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерін жиынтығын әлеуметтік

нормалар дейміз.

БҰҰ бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ демократиясын қабылдады. Ол

бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: 1. Табиғи құқық, 2. Азаматтық құқық 3.

Экономикалық - әлеуметтік, мәдени.

Әлеуметтік норма: 1. Құқықтық 2. Мораль

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға

бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз Қ. Р - ның конституциясында көрініс

тапқан. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлім 30 бабы құқыққа

арналған. Соның ішінде Қ. Р - дағы баланың құқықтары туралы айтылған.

Ал енді өзіміз, құқық туралы не білетінімізді ортаға салайық.

3. Сенің құқығың – менің құқығым. Өз құқықтарыңызды айтып өтіңіздер.

1 - оқушы. 10 бап. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір -

қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы.

2 - оқушы. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді,

оның тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен

бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.


 

3 - оқушы. 9 - бап: Баланың даралық

ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап ат - жөні,

ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР - ның заң актілерінде көзделген жағдайды

сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, денсаулығына, ата - анасына

қатысты мән - жайларға қарамастан бала тең құқылы.

4 - оқушы: 11 - бап. Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар -

ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР - ның заңдарымен рұқсат

етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

5 - оқушы. 12 бап: Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға,

рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.

6 - оқушы. 19 бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым -

қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

7 - оқушы. 30 бап: Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта

білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары

білім алу міндетті.

8 - оқушы. 19 бап: Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына

құқығы бар. Осы білімімізді ортаға салу үшін 4 топқа бөлінейік.

1 -топ. Жалын

2 -топ. Бәйтерек

3 -топ. Жасұлан

4 -топ. Қыран

Әр топ жетекшілері өздерін таныстыру.

Ал енді жарысты бастаймыз.

5. Топтастыру.

Ән: Солдат болам мен ертең бір топ оқушылардың орындауында.

Әр топқа плакат беріп өз ойларын жазып айтып шығу.

- Дұрыс өз ойларыңды тамаша жеткіздіңдер.


6. Сұрақ - жауап.

1) «Ұрлық түбі қорлық» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

2) Б. Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмас» сөзін қалай түсінесің?

3) Әлімжеттік дегенді қалай түсінесің?

4) Келеңсіз оқиғаларды ата.

Ән: Ел қорғауға әзірміз. Бір топ оқушылар орындауында.


 

 

 


7. Келеңсіз оқиғаларды атап шықты. Міне осыған байланысты тәртіп бұзушылыққа

байланысты сурет және оны түсіндіру.

1) Өрт

2) Жол апатына байланысты

3) Шемішке

4) Ұрлыққа байланысты


8. Ойды аяқта.

Мақал - мәтел жалғасын тап.

Біреуге ор қазба.... (өзің түсесің), Заңның құрығы...(бәрінен ұзын),

Өтірікшінің құйрығы..(бір - ақ тұтам), Тура биде..(туған жоқ), Туғанды

биде....(иман жоқ), Қолыңмен істегенді.....(мойныңмен көтер), Тек жүрсең...

(тоқ жүресің), Заңды сыйлаған...(еркін жүреді)


9. Қорытынды.

Сонымен бүгінгі «Полиция – дос және қорғаушы» тәрбие сағатынан өздерімізге не

біліп, не үйрендік? Оқушылар сөйлеу.

Ән: Жаса, Қазақстан

Бүгін тәрбие сағатымызға құқық қорғау қызметкеріне сөз берейік.

Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст