Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Сауат ашу
|
Мектеп: Ақмола облысы Есіл ауданы Московский орта мектебі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім. Менің мектебім
| |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні; Далел К
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар саны: -
| |
Сабақтың тақырыбы |
2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгеру.
Көптеген оқушылар: Әріпті тану.
Кейбір оқушылар: әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре оқу. |
Жетістік критерийлері |
· Әріптерді таниды және ажыратады. · Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды .
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: ата, нан, ара.
Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: «А» бас әрпіне не ұқсайды? |
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа дағдыландыру. |
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек (ермексаздан бас әріпті мүсіндеу), математика( газет қиындысынан "А" дыбысын тауып санайды)
|
АКТ қолдану дағдылары |
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
2-бөлім және 1-бөлімде игерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар мектептің бір күнін сипаттау үшін және айтып беру үшін мектеп туралы әңгімелермен, балаларға арналған өлеңдермен және сөздермен таныс болуы керек. |
Сабақ
барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 мин 8 мин
|
(Ұ) Балалар шеңбер құрып тұрады. Оқушылар допты бір-біріне "А" дыбысы бар сөздерді айта отырып лақтырады. Шеңбер бойымен 1-4 ке дейін санайды да төрт топқа бөлінеді. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
(МК.Т) "Мен білетін әріптер" тақырыбында ассоциация жасау.(Білетін дыбыстарды таңбалайды)
|
Доп
Ассоциация кестесі.
| ||||
Сабақ ортасы
10 мин
3мин
7 мин |
Жаңа сабақ: (МК, Ұ) Суреттер бойынша жұмыс ұйымдастырамын: 1.Сөздерді суретпен сәйкестендіреді. 2. Сөз құрамында А дыбысының орнын анықтайды. Дыбыстық буындық талдау жасау.
А т а Н а н А р а
«А» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстырамын. (Ұ) «А» бас әрпіне не ұқсайды? (Ө) Әріпті елестете отырып, таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.
(МК.Ж) Аллитерацияны пайдаланамын. Мысалы, Анар алма алды. Сөйлемнің ерекшелігін және дауыстап хормен және жұпта қайталайды.
(Ө) А әрпінің бас әрпін ермексазды пайдаланып жазу және жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. |
Суреттер, "А" дыбысының баспаша және жзбаша суреті.
Магнит тақта, маркер.
Таяқшалар.
Ермексаз, тақтайша, сүлгі. | ||||
Сабақтың соңы 5 мин |
(МК.Ө) Мұғалім алдын ала дайындап әкелген газеттің қиындыларын білім алушыларға үлестіреді. Газет қиынды ішінен "А" дыбысын тауып, санайды.
(Ұ) Рефлексия. Мұғалім балалардан бүгін нені үйренгенін сұрау? (Ауызша жауап береді). |
Газет қиындысы. | ||||
Дифференциация (саралау) – |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қорытынды әдісі: Қабілеті жоғары оқушыларға "А" дыбысының қандай затқа ұқсастығын сұраймын. Барлық оқушылар ермексаздан жасаған "А" дыбын көрмеге қойғыза отырып, бір-бірімен жұмыстарын салыстыруға мүмкіндік беремін. |
Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
"Басбалдық" әдісі арқылы бағаланады: Алған білімдерінің нәтижесін басбалдақ арқылы көрсетеді. |
Оқушыларға партада дұрыс отыру ережесін сақтауды ескертіп отыру. |