Тақырыбы:
Алтын күз
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз
туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Жапырақтардың суреттері
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, оқушылар мұғалімдерімен
бірге кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз»
атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
1-жүргізүші: Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын
Көңілдің серіппелі күйін
ашсын
Бақ пенен шаттық
бірге қатар қонып,
бірлікпенен ортақтассын
2 ведущий: Лес словно терем расписной Лиловый,
золотой, багряный Веселой, пестрою стеной
Стоит над светлою
поляной.
Березы желтою резьбой
Блестят в лазури
голубой Как вышки елочки темнеют
А между кленами
синеют
То там, то здесь в листве сквозной
Просветы в небо,
что оконца. Лес пахнет дубом и сосной,
За лето высох он от
солнца,
осень тихою вдовой
Вступает в пестрый терем свой
. 1-жүргізүші: Кеш жарық, құрметті оқушылар, ұстаздар,
ата-аналар!
2 ведущий: Добрый
вечер! Дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на этом празднике.
1-жүргізүші Қош келдіңіз,
көрермен. «Күзгі бал» кешіне
Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене
2 ведущий: Обожаю это время года!
Праздник золота и багряца Синяя, шумящая свобода Ясность
неизбежного конца
.
1-жүргізүші: Құрметті
көрермендер! Бүгінгі «Күзгі бал кешін» бастаймыз.
2 ведущий: Вот и
настал тот торжественный миг, «Бал Осени» открыт!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз
мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу
жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
жомарт көңіл
жарқын жаз.
Сары алтынға
малынған,
Алтын күз
деген мен болам. Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен
мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге
бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар,
жарайсындар!
Жапырақ сөзі: Сәлеметсіздер ме? Балалар менің кететін күнім болды,
бірақ сендердің өнерлеріңді тамашалап кетейін деп келіп отырмын.
Жүргізуші: Алтын
күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіздер жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Серікжан
Күзім-ау, күзім-ау!
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Бекасыл
Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
Би: 2 «А» сынып
Алтынбек Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратың бізбенен
Жанибек
Сары теңге жапырақ,
Бояған ба көл бетін?
Тоңазыпты
топырақ,
2 «Б» сынып стихи
Ызғарлы екен жел де тым.
Сүлеймен
Кездескен сон күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның
бәрі алтын
Жүргізуші:
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында
бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Қолшатыр » деп аталады. Бұл
ойынды 4 «А» сынып оқушылары өткізеді
Күз: Өте тамаша,
балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен
сипап-сезу арқылы қандай жеміс екенің табу.
Жүргізуші:
Жарайсындар, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік «Ұйқасын тап» ойыны
1.Пісетін кезі дәл
күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Аузынан кетпес бал дәмі
Онын
аты (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін аиырып,
Танисын ба? (шиені )
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері-бақша-бақ
Күрен қызыл шіркін-ай
Оның аты…(танқұрай )
3 Б сынып Ән
Жүргізуші: Алтын
күз балалардың өнері ұнады ма?
Күз: Рахмет,
балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым
болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:
Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға
рахмет!
Арайлы алтын күз
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз»
мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық,
күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере
отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жоспары:
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз»
атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты
болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз
дегеніміз-жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін ардайымсезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ал енді оқушылар бүгінгі
алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.
Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,
Жылауық бұлттары бар қанат көрген.
Күз келді мезгілінде арқаланып,
Күн барма байлығын ол тегін берген!?
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық жеміс, мақтасын …. –бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыс сары алтындай сары күз-қыркүйек
айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені
дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей,
айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу
далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер
әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі бал» сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік
тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға
кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді
ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды
Би де билеп, ән айтты,
Қуаныштан шалқыды. Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып
білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір
Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау,
табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.
Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар
алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар,
бағалауға бұл да кіреді. әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді
сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз
алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе
ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымзы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін
тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де,
бишілерде бар екен. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем
сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене
жырлаған.
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік
дастарханмәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар
дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен
таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып
болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.
Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт
Ой да, қыр да, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып,
Ал, балалар, кім біледі,
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?
«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай сары қауын,
Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне
кезек берейік.
О заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздер ідайындаған қолөнерін. «Үй
тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары
бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің
қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік
дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін
көрсетеді.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін
тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан
жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол ніріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда
конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе,
арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына
сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы
алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!
Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз - 2017»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» сайысына қатысушылардың арасынан күз
ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген
қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар,
жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі
тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың
төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін
мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.
Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады,
екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата -
бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте
осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра
отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2017» мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Сайыс бес бөліммен тұрады:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
3. Қас - қағым сәт.(Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру)
4. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
5. Күзгі сыйы.(Күзгі табиғи материалдан жасаған жұмыстарын көрсету) Жүргізуші:
Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының
екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің
соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан
айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділқазы алқалармен
таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа,- дей отырып құрметті көрермендер әділқазы
алқаларымен таныстырып өтейін.
Жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2017» атты байқауымызға
қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер
ханзадалары мен ханшайымдары.
Қош келдіңіз көрермен,
«Аяулы күз, Алтын күз» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен
топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса
дейміз ханзадалар.
Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.
Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.
Атым - Манас болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қалижан асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Гүлсая Елемесеқызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлнұр апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Айгул атты кішкентай қыздарыңмын.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
Намысты Нұрқожа Ассалаумағалуйким ел ағайын,
Сөздің басы қашанда сәлемдескен.
Ұлымын Мейрамбектің Нұрқожа атым
Әжемнің ертегісін тыңдап өскен.
Оқимын бірінші сыныпта, руым көкек,
Бар Нұрлы, Айым атты бауырларым.
Арудай Айкүміс Армысың жиналған дана халқым,
Жақайыммын сақтаған елдің салтын.
Мансұр атты інімнің қамқоршысы,
Айкүмістің қызының Жасуланның.
Өнерлі Өркен. Азан айтып Өркен депті есімің,
Қонақтардан арылмайды есігім.
Үйімде ұйытқы болар берекем,
Атам менен әжемнің иесімін.
Арғы тегім Мырзахмет әулетім,
Үшқұдық шағын шаруа дәулетім.
Ал халайық келіп қалдым алдыңа,
Өнерімді сынамақшы алдыңда.
Қырықтың бірі қыдыр депті бабамыз,
Сиынарым әулие Бекет атамыз.
Дарынды Дариға Нұрсұлтанқызы Дариға,
Руым тобын қоянмын
Туған ауылым Үшқұдық
Барлығына аянмын!
Нысанбай атам, әжем Дина Папам мамам бәрі де.
Абыроймен осы ауылда Еңбек етер әлі де.
Сәлем берем ұстаздарға,
Сәлем берем бәріңе!
Алтын ұл мектебім,
Білім ұл мектебім,
Білім алып шаттанамын.
Жақсы оқып, тәртіпті топ
Би билеймін, мақтанамын! Сымбатты Сағыныш.
Ата - әжемнің қуанышы, қызығы - Атам - Сағыныш,
Нұрболаттың қызымын.
Мінезі ұяң, инаббатты
Отбасымның еркелеткен гүлімін
Үшқұдығым - туған жерім, кең далам
Өнер қуған өнегелі мен балаң
Уа, халайық, қарсы алыңыз қол соға
Саматова Сағынышың мен болам!
Айбынды Алишер. Жиналған қошеметке, уа, халайық
Сөзімізге жырдан алқа тағайық.
Сәлемдесу - ата салты қазақтың,
Алдыменен амандасып алайық.
Аруағы аунасыншы аталардың,
Бүгінге күн қабыл болғай аталардың.
Тілеуін қос баланың тілеп келген.
Арайланған Альмира.
Армысыздар, бармысыздар ағайындар,
Жарысқа келіп тұрған талайын бар.
Иіліп сәлем берем, әділ қазы,
Білінсін гүл - қыздардың ерке назы.
Жайнаған гүл бәйшешек жаздың кезі,
Құлпырған гүлдерменен жердің жүзі.
Әкем Қобдыбай, анам Лаззат Альмира деп қойған екен есімімді.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ханзадаларымыз бен ханшайымымызды өз өнерлерін көріп болсақ, үшінші бөлімі «Қас
- қағым сәт».(Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру) кезек берейік.
«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы
сұрақтарға жауап беру. 1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?
- Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа
ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді. 2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Жапырақ 3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша. 5 - сұрақ: Жұмбақ шешу.
Аспай піскен, қайнамай түскен.
- Жеміс. 6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр»
1. Еңбек түбі --------------------
2. Еңбек етсең ерінбей -------------------- 7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді
атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы. 8 - сұрақ: Бес көкөністерді
атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Мендібайбай Ақжүніс пен Бақытқали Ақниет орындауында Алтын күз тақпағы.
Дамылдап жатқан балғандай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай
Шашады жерге шашуын.
Жүрексіз қоян безеді,
Жөңкілсе қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді,
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша.
Алтын күз, әсем айналам
Қараймын көзім талғанша.
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен
ханшайымды» (күзгі сән үлгілерін көрсету) сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай
болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін
тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек. Жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада
сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік күзгі сыйды жасапты, Ұлдарымыз
бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз
шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын. Олай
болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын
таныстырып өтсін. Жәнеде әділ қазылар алқасы да қарап бағалап жіберсе.
Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге
дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен
жеңілістен тұратын Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп
ренжімегің, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай
сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз -
2017» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар
алқасын шақырамыз. Құрметті көрермендер! Жемпаздарымызға биік шындарды бағындырып,
қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз! Жеңісті
күндерде кездескенше!!!!!!