Пән: Математика
|
Мектеп: Ақмола облысы Есіл ауданы Московкий ауылы «Московский орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
1А Сандар мен цифрлар
| |
Күні: 02.06.17 |
Мұғалімнің аты-жөні: Далел Кулпаш
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар саны:
| |
Сабақтың тақырыбы |
1.1 Натурал сандар және 0 саны. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: . натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну
Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды саналу ретіне қарай топтастыра алу Кейбір оқушылар: Сандардың натурал сандар қатарындағы ретін айту |
Жетістік критерийлері |
Білім алушы 10көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді. 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. |
Тілдік мақсат
|
Сандарды оқу, жазу және салыстыру барысында «сан»,«цифр», «тізбектер», «қатар» Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы, санау, санап шығу, барлығы Қанша? Саны бойынша нешінші? Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: Қалай ойлайсыз? Менде қанша моншақ бар? Қатардағы … қаншасыншы? Мұны қалай біле аламыз? Қанша моншақты ұстай аласыз? |
Құндылықтарды дарыту |
Бір бірін тыңдауға тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек |
АКТ қолдану дағдылкары |
видео ролик арқылы сандарды қайталап айту |
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылардың балабақшада меңгерген сандары мен есептеп үйренген тәжірибесіне негізделу керек. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 10 мин
|
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Ширату жаттығуы (Д.Т) 10көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Оқушыларға түрлі моншақтар дайын беріледі. Оқушылар моншақты 10 саны көлемінде тізбектеп тура және кері санайды. Сонымен қатар топта тізбектелген моншақтардан диограмма құрастырады.
(Ж/Т, ) Оқушылардың 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысалдарды табуы үшін жұпта және топта жұмыс жасайды. Жұмыс жасалмас бұрын сыныптағы бір оқушының сұлбасын салынған дайын плакат ұсынамын. Салынған сұлба арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беруін қарастырамын. (сұлбадан сандарға қатысты мысалдар кетіруге болама? Бір бас, екі қол, аяқ,)
|
Түрлі түсті моншақтар, жіп
А3 форматындағы қағаздар, маркер, түсті қарындаштар
| |||||||
Сабақ ортасы
15 мин
|
(С) Оқушыларды 10 санының маңыздылығын табу үшін саусақпен санауды және оларды ермексазбен жапсырмалау арқылы жазылу жолдарын есте сақтауды қарастырамын.(себебі бұл есептеудің ондық жүйесінің негізі). Тапсыма арқылы натурал сандар тізбегін құрайды.
Тапсырма барысында оқушылардың саусақ маторикасы дамытылады. Қабілеті жоғары оқушыларға үш тілде санауды ұсынамын.
Оқушыларға ҚБ да берілген тапсырманы орындайды. (Ж,қ) Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.
(Т) 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз Дескриптор: Білім алушы Гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады; 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады |
youtube.com Алан TU балаларға арналған санамақ
ҚБ 6 бет
| |||||||
Сабақтың соңы
5мин
5 мин |
(Ө.Қ) «Көршіңді тап» · 3 санынан кейінгі санды жазыңдар · 8 санының алдында тұратын санды жазыңдар: · 0 санынан кейінгі санды жазыңдар
Дескриптор: Білім алушы - 3 санынан кейінгі санды жазады; - 8 санының алдындағы санды жазады. -0 санынан кейінгі санды жазады Рефлексия Сабақты төмендегі сұрақтар арқылы қортындылаймын. Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Бүгінгі сабақта не қызық болды?
|
ҚБ 7 бет | |||||||
Дифференциация (саралау) –
Оқушыларға моншақтарды тізуге мүмкіндік беремін.
Қабілеті жоғары оқушыларға сандардың натурал сандар қатарындағы ретін үш тілде айтуға мүмкіндік беремін. |
Бағалау
Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы бағалаудың «Қолмен белгі беру» әдісін қолданамын.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|