"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

31.10.2017

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

 

Ерлік, елдік,

бірлік, қайрат, бақ-ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен

бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың!

(М. Жұмабаев)

 

       Қазақ халқы

ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі

қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл –

халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған

аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік

тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.

ХХ

ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын

нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді.Туған

тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының

ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны

құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.

Еліміз

тәуелсіздік жолының жиырма екінші жылына қадам басқан тарихи шақта, басқа

елдермен иығын тең тіресер кезеңде мені тіліміздің қазіргі жайы толғандырады.

Әсіресе, жастар, өкінішке орай, ана тіліне менсінбей қарауға әуес. Бүгін біздің

ортада неге өз ана тілін білмейтіндер көбейді? Көшеде жүрген екі қазақтың бірі

орыс тілінде сөйлейді, дүкенде де, қоғамдық орындарда жүрсек те көретініміз –

сол. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп жатқаны. Өз ана тілінде

ойын жеткізуге не себептен үйренуге тырыспайтыны мен үшін түсініксіз. Осылай

тізе берсең қазақ тілінің бүгінгі жайы, ақын тілімен айтқанда, «Мың өліп, мың

тірілген» қазақ ұлтының дәл өзі сияқты.

        Белгілі ғалым Махмұд Қашқари «Тәрбие

басы – тіл» деп көрсетеді. Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан

басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Тіл туралы

айтылғандардың бәрі желге ұшып, қоқысқа айналмасын десе, әр қазақ өз

шаңырағында ағарту ісімен айналысса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана әр

адамның санасында ұлттық намыс, патриоттық жігер оянар еді. Сөйтіп, ол да ана

тілін қадірлеуге, сыйлауға, ұмытпауға, патриоттық сезімнің оянуына ат салысар

еді. Қазақ халқы «Отан» ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан, оны туған

жер, ана тіл, атамекен ұғымдарымен байланыстырған. Отан отбасынан,

ата-жұртынан, туып өскен топырақтан, ана тілінен басталған. Бірақ, қазіргі

жастардың

көбі мұны білмейді, түсінбейді. Сондықтан да мен тіліміздің өзекті

мәселелерінің өзегін жастар бойындағы намыстың, патриоттық қасиеттердің

жоқтығымен байланыстырамын. Олай болса, жастар арасындағы ұлттық патриоттық тәрбиеге

мән беру қажет. Нағыз патриот әрқашан ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп,

сезініп, өз ұлтының құндылықтарын басқа біреулердің тепкісіне ешқашан бермейді

деп ойлаймын.

     Сөзімді қорыта келе айтарым, қазақ елі

аман болса, қазақ тілі де жасай бермек. Ең бастысы, елбасымыз айтпақшы,

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем

мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана

емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей

түсуде. Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ай-жұлдызымыз

оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ

тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет. Қазақ тіліне

деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн. Бұл міндет – сіз

бен біздің перзенттік парызымыз.

Себебі - қазақ тілі біздің болашағымыз.

 

                                                                                      

Алмасбек Алтынбек

                                                                                           «Московский

орта мектебі»ММ

қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 489


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст