"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасында Туризімді дамытудың жолдары мен бағыттары

17.10.2017

«Қазақстан Республикасында Туризімді дамытудың жолдары

мен бағыттары»

 

Московский орта мектебінің география және тарих пәнінің мұғалімі

Набиева Акнур Гаусылагзамовна

 

Әлемде экспорттық кіріс, әлеуметтік - экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы

күші ретінде туризм жұмыс орындары мен кәсіпорындары ашылып, инфрақұрылымдардың

дамуына серпін беруде, көптеген бағыттар бойынша саяхат сапарлары ашылуда. Қарқынды

дамушы және ірі экономикалық сектордың біріне айналған туризм соңғы алты

онжылдықта өрісі кеңейіп, өзіндік даму жолына түсті. Халықаралық туристік

сапарлардың саны жылдан-жылға артуда 2014 жылы бұл көрсеткіш  1087 млн . адамды қамтыған

яғни, туризм тиімді және  пайдалы кәсіп.

2013 жылы бүкіл әлем бойынша жалпы саны 1,1 млн. адам сапар шегіп, одан түскен кіріс 1159 млрд. долл. құрап

отыр. Әлемдік тәжірибе туристік

бизнестің дамуына салынған қаражаттың мемлекетке қыруар пайда әкеліп отырғанын

көрсетті.

Негізгі әлеуметтік және

экономикалық құбылыс ретінде

туризм заманауи жағдайларда көптеген елдің экономикасына әсер етті. Экономиканың пайдалы және аса табысты саласы бола отырып, жалпы

ішкі өнімді қалыптастыруда, сыртқы сауда балансын

белсендіруде, қосымша жұмыс күшін құруда және халықты еңбекпен қамтуда

үлкен рөлге ие. Сондай-ақ, туризм

экономиканың негізгі салаларына, атап айтқанда

көлік және байланыс,

құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтыну тауарлары

өндірісі және т.б. әсер етеді,

яғни әлеуметтік- экономикалық

дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Өз кезегінде, туризм дамуына демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, діни және

саяси-құқықтық сынды түрлі факторлар әсер етеді.

Туризм – реформалық үрдістерге тез әрекет ететін, экономиканың тез түрленуші саласы және ол туристік қызмет нарығының қалыптасуын болжайды, мемлекетте балама жеке туристік кәсіпкерліктің пайда болуына ықпал етеді. Осыған орай, туристік нарықтың монополизациялану үрдісі белең алды, себебі, өндірістердің шоғыры

туристік бизнестің дамуына

әсер ететін ірі компанияларды құруға мүмкіндік берді. Қазақстанда жаңа туристік

өнім қалыптасты, оның батыстан

айырмашылығы болғанмен, ресейлік

туристік өнімге ұқсас болып келеді.

Қазақстан туристік бизнесінің даму траекториясын және нақты белгілерін, үлгісін анықтау, инвестицияны басқару, бағалау және тарту қажет. Қазақстанның әлемдік бәсекелестіктегі жолынанықтап, осы арқылы мемлекет

тарапынан туризмді тиімді басқару жолдарын қарастыру керек.   Қазақстандағы кәсіпкерлердің туризмге қызығушылығы келесі факторлармен анықталады: туристік бизнеске

үлкен инвестициялар керек емес, бұл

салада ірі, орта және шағын фирмалар өзара байланыса отырып, әрекет ете

алады, ол капиталды тез

айналдыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, (халықаралық туризм саласында) валюталық операциялар есебінен пайда табу

және республика халқының

демалысын қамтамасыз ету мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу керек болғанда туризмді дамытудың ұлттық, аймақтық жобаларына мемлекет

тарапынан біршама қаражат керек болып табылады.

  

Қазіргі таңда экономика тегершігінің үнемі үздіксіз қозғалыста тұруына көп

жағдайда сыртқы күштердің, оның ішінде шетелдік капиталдың ықпал әсері орасан

екені анық. Бұл мәселеде бізге туризм саласы бірден ауызға іліге кетеді.

Себебі, біздің мемлекеттің экономикалық әлеуетін күшейтетін басты кіріс көздерінің

бірі – осы туризм. Қазіргі уақытта «2020 жылға дейінгі туризмді

дамыту Тұжырымдамасы»

қабылданып, іске асырылып жатқаны елімізде туризмді

дамытудың айғағы болып табылады .

«Қазақстан 2030» стратегиясында танылған: «Туризм саласы Қазақстан Республиканың

экономиканың өсуіне және оның әр тараптануына ықпал ететін фактор». Cол сияқты, аймақтар

да белгілі жобалар

негізінде даму үстінде, 2017 жылы халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын «ЕХРО-2017»

ірі туристік іс-шарасына қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп, мемлекет

тарапынан қатаң қадағалануда.

Туризм Қазақстан

экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі

кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады.

Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға

және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі

ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық

байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі

сарқылады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істейді.

        Қазақстанның туристік болашағы жоғары, ол соңғы 10-15 жылда келесідей мүмкіндікке жетеді:

туризм және қызмет көрсету саласында

қосымша 300000 жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндігін көрсетті; халық арасында

жанұялық, шағын және орта бизнес ашуға мүмкіндік бере отырып, кәсіпкерлік мәдениетті

арттырады және т.б. параматрлер арқылы қазақстандық туризмнің дамуы бойынша стратегиялық жоспар құруға

болатындығы анықталды. Қазақстандық туристік нарықтың қазіргі: кадрлардың аздығы, заманауи туристік объектілер мен қызметтердің жоқтығы, инвестиция мен қолжетімділік,

ақпараттандыру мәселелері өте төмен жағдайда,

нысандар алыс орналасқан,

жалпы инфрақұрылым жағдайылары төмен деңгейде. Осы алғышарттар туристік нарықты басқару

және  туризмді дамыту бойынша тұжырымдамалық

үлгі жасауға мүмкіндік берді.Саланың қалыптасуына кедергі келтiретiн

бiрқатар объективтi факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, туристiк

индустрияның өзiндегi де, онымен сабақтас саладағы да әлсiз менеджмент,

сондай-ақ туристiк инфрақұрылымдағы қолда бар объектiлердiң негiзгi қорларының

тозуы.

       Осы жобада Қазақстандағы туризм саласының

проблемаларын ескере отырып, туризімді дамытудың негізгі бағыттары қарастырылған

болатын:

-     Туризм инфрақұрылымын дамыту;

-     Маркетинг стратегиясын әзірлеу;

-     Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру;

-     Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-    

Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде Қазақстанда

270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық

туризммен шұғылданады. Қазақстан әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз

ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде

шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың

халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі

шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу. Қазақстанда Еуразияның қоғамдық

және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм

саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО жән БЭСҰ бағдарламаларына

қатысу, сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау. Туристік

бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру,

сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру

жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе

қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

      Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары

сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі. Сонымен бірге Қазақстанда

әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет. Қазақстаннның

туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп кету тәртібін жеңілдетуі,

кедендік шараларды бір тұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу қарастырылған. Қазақстанда негізгі факторларға қатысты

туризмді дамыту үлгісі ұсынылды - Қазақстан – «орталықтан басқаралатын ел», мемлекеттік басқару жүйесі

барлық ел бойынша үйлестірілген жоспарлау жүйесін

қамтамасыз етеді, ол туризмнің дұрыс құрылымдық дамуына ықпал жасайды. Тұжырымдамалық үлгі - онда орталық үкімет – барлық мемлекет аумағында

өнімді дамыту

мүмкіндіктеріне, нарық үрдістерін

түсінуге, оның әлеуеті туралы ақпарат алуға маңызды және нарық пен өнім арасында сәйкес жағдайды қамтамасыз ету үшін

мүмкін болатын жеке инвестицияларды тартуға

мүмкіндік береді. Үлгіде тарату

бес кезеңде жүреді,

ол дамуы жоқ кездегі оқшауланудан

басталып, қолжетімділік үшін қажетті көліктік құралдары бар жаңа

дестинацияларды құрумен және дестинациялар санын арттырумен, көліктік

байланыстарды ары қарай дамытумен, барлық

ел ішінде дестинациялардың таралуы

бірдей қаныққанға дейінгі

кезеңмен аяқталады, мысалы курортты

зоналарды дамыту.

 Қазақстан үшін алғашқы «Орталықтан периферияға дейін» үлгісі

туризмді таратудың сәтті даму үрдісіне әкеледі. Бұл үлгі Қазақстанға келесі жағдайларда оң әсер етеді: барлық

белгіленген аймақта (туристік кластер)

туризм желісі үшін қызмет көрсету

және сервистік орталықтарды құру керек, ол халықаралық деңгейде

тартымды орындардың туристік мүмкіндіктерін тез арттыру; топтық туризм тәжірибесінде ұсынылған, осы орталықтарды «кластер» көмегімен

жалғастыру, туризм дамуы үшін облыс деңгейінде азық-түлікпен және көліктік жүйемен

жабдықтау; туризмді қолдайтын инвестиция тұрғысынан туризмнің тұрақты

даму үрдістерін анықтау

арқылы Үкіметте шешім қабылдайтын тұлғаларға көмек

көрсетеді. Осы үлгі арқылы Қазақстан

бір жағынан туристік

нарықтың коммерциялық

тиімділігі мен, екінші жағынан жалпы экономикалық тиімділігі бар орталықтарға аса назар аударады. Себебі «орталықтан периферияға» үлгісінде

таңдалған аудандардың дамуы мемлекеттік

инвестициялар мен қолдаудың болуымен ғана емес, сонымен

бірге, Қазақстанды тартымды, ұзақ мерзімді,

бәсекеге қабілетті және туристер

үшін тұрақты дестинация ретінде дамыту мәселесін анықтап,

болашақ бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін 5 туристік

кластер анықтады.  

      Жақын болашақта туризмнің даму аймағында,

мақсаттарды қалыптастыру мен жүзеге асыруды Үкімет өзінің басшылығына алады, және

Қазақстан Республикасындағы туризмнің жүйелік жоспарының дамуы құрал ретінде қолданылады.

Туризмнің ғаламдық даму процесіне кіруде, дамудың белгілі міндеттері және айқын

қызығушылықтарымен байланысты, қандайда болсын Үкімет негізгі стратегиялық

шешімдерді қолдану қажет. Аталған стратегиялық шешім, жоғары мемлекеттік деңгейде

қабылдануы қажет, себебі туристік өнеркәсіп – ұзақ мерзімді теңдестірілген өнеркәсіп

ретінде, бастапқы кезеңінде, мемлекеттің қарқынды қолдауын қажет етеді. Қазақстан

Республикасының 2020 жылға дейін туризмін дамыту бойынша тұжырымдамасы

негізінде 4151  кезеңді стратегиялық

жоспар әзірленді, ол жаһандық өзгерістерге жауап беретін елде жаңа туризм

дамуына негіз болады, туризм саласында осы саланың ағымдық жағдайына құрылымдық,

басқарушылық өзгерістер бойынша ұсыныстар береді. Жоспарды дайындау бес негізгі

стратегиялық мақсатқа негізделді.

Стратегиялық жоспар негізінде ұлттық және аймақтық жобалар әзірленеді. Қaзaқстaн

Рeспубликaсының шeт eлдeрмeн туризм сaлaсындaғы хaлықaрaлық ынтымaқтaстығы сaлaсындaғы

нормaтивтік құқықтық бaзaны кeңeйту жөніндe жұмыстaр жaлғaсудa. Сaрaпшылaрдың

жорaмaлдaры бойыншa әлeмдік ЖІӨ ортaшa жылдық дaму қaрқыны  2020 

жылы 4,2 - 4,4% құрaсa, әлeмдік ЖІӨ $ 117 трлн. дeйін өсeді. Туристeрдің

дeмaлу орындaрының инфрaқұрылымын дaмытудың стaтистикaлық көрсeткіштeрін тaлдaу

көрсeткіштeрдің тұрaқты дaмып жaтқaнын көрсeтті, aлaйдa қaзіргі тaңдa Қaзaқстaнның

бұл қуaтты потeнциaлы толық пaйдaлaнылмaудa. Сeбeбі, осы сaлaның мәселелерін

зeрттeу мeн олaрды шeшудің кeшeнді жәнe жүйeлі әдісі жоқ.

Қорытындылай келе осы жоғарыдағы міндеттерді орындау үшін мемлекет

тарапынан туризмді дамытудың жүйесін жасау керек және осыған байланысты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Туризм жөніндегі кеңестің қызметін кеңейту; бес туристік

кластерді дамытуды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

жанындағы өңірлік туризм басқармаларының қызметін күшейту және кеңейту; ірі

туристік жобаларды әзірлеу және іске асыру, жеке инвестициялар тарту

үшін туризм саласындағы уәкілетті

органның бақылауымен Туризмді

дамыту жөніндегі ұлттық

компания құру мүмкіндігін қарау ұсыныстарын

жасаймын.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Азар В.И.’Экономика и

организация туризма’ М.,2015ж

2.    

"Қазақ энциклопедиясы" 5 том

3.    

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.

Нысанбаев – Алматы «Қазақ

энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

4.     Ердавлетов С.Р. Основы туризмологии (Текст): учебно-методическое пособие/

С.Р. Ердавлетов, О.Ж. Сағымбай.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-93с.

5.

Назарбаев Н.Ә. «2003-2015 жылдардағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы». Қазақстан халқына жолдауы. 2014 жыл 17 мамыр

 

 

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст