Мерзімі:
Тақырыбы: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу.
Мақсаты:
Білімділік: Карталар, олардың түрлеру, әрбір картаның өзіне
тән белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Масштабына қарай карталар қалай
жіктеледі, осыны қарастыру, олардың жасалу жолдары, маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Карталарды талдауды,
карталарды түсіндіру, оқуды, жұмыс істеуді дамыту, өткен сабақтарда лаған
білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: География
пәніне деген қызығушылықты артыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта,
дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың кезеңдері:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі
5. Бағалау кезеңі
6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі
Сабақтың
барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. |
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
| ||||||||
2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (20 мин) |
Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын төмендегі сұрақтарды қою: - Карта дегеніміз не? - Оның қандай маңызы бар? - Масштаб дегеніміз не? «КАРТА»- табақ деген мағынаны білідреді. Карталарды мазмұнына қарай былай жіктейміз:
КАРТАЛАР (мазмұнына қарай)
Топографиялық карталар ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады. Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады. Топографиялық шолу- карталардың дәлдігі топографиялық карталарға қарағанда төмен. Ұшқыштар үшін қолайлы. Себебі осы карталар үлкен аумақтың жалпы көрініс шолу мақсатында қызмет етеді. Шолу карталары- жер бетінің үлкен бөлігінің географиялық ерекшеліктерін жалпылама зерттеу мақсатына арналады немесе оны географиялық карталар деп аталады. |
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
| ||||||||
3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10 мин) |
«Картаның адам үшін маңызы» эссе жазу.
|
Эссе жазу. Қысқаша өз ой пікірлерін жазу, оқу. | ||||||||
4. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин) |
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою: 1. Жалпы географиялық карталардың қандай ерекшелігі бар? 2. Топографиялық карталар қалай жасалады? 3. Жалпы географиялық карталар қалай жасалады? 4. Мына масштабтың қайсысы ірі? 1: 50.000, 1: 100.000? Неге, дәлелде. |
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. | ||||||||
5. Бағалау кезеңі (2 мин) |
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. |
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. | ||||||||
6. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) |
§ 14 оқу. |
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды. |