Әдебиеттік оқу 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мереке». Қанат Қайым
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұныны оның идеясын талдау
арқылы анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже:мәтін мазмұны арқылы адам өмірінде болатын сан
қырлы жағдайлар туралы түйсінуге,өмірдегі мерекелердің мән-мағынасын ашуға
мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: ойтолғау,іздену жұмыстарын
топтық,жеке сипатта орындату арқылы оқушылардың шығармашылық дағдысын дамыту.
Тұлғалық нәтиже: отбасындағы ұлттық дәстүрге,
адамгершілікке,әсемдікке тәрбиелеу;бір-бірін тыңдай білуге,ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қима қағаздар,
презентация, ашық хат. Сабақтың әдіс-тәсілдері:топқа бөлу. «Кейіпкерге хат»
стратегиясы, жаңа сабақ, әңгімелеу,
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Алтын сандық» ойыны
- 1.Кедей неліктен алтын, күміс балталарға қызықпады?.
2.Кедей алтын балтаны қалай пайдаланды?
3.Байдың ақымақтығы мен дүниеқоңыздығы ертегінің қай
бөлігінен байқалды?
4. Алтын балта жалқауларға қызмет етуге мүмкін бе№
5. Кедей балтаны үйіне әкелгеннен кейін қандай өзгеріс
болды?
6. Осы мәтіннен өзіңе қандай ой түйдің?
7. мәтінге байланысты қандай мақал білесің?
Ребусты
шешу арқылы тақырыпты табу.
,, ,, Е
(Жауабы: мереке)
II.Қызығушылықты ояту.
Карточкада мынадай сандар жазылып ілінеді.
16- желтоқсан
22- наурыз
8- наурыз
31-желтоқсан
-балалар мына сандар нелер, нені білдіреді? Оқушылар жауабы.
-Наурыз айының басындағы үлкен мерекеміз қайсысы?
-8наурыз – аналар мерекесі.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «мереке» Қанат Қайым
Ақынмен таныстыру. Презентация көрсетіледі.
1.Мәтінді оқушыларға оқып беру
2. Оқушылардың оқуы
Сұраққа жауап алынып,
талданады.
Құттықтау және сыйлық сөздері жазылған қима қағаздарды
таңдап алады, да екі топқа бөлінеді.
Жақсы сөздерін оқып,топтарға бөлініп отыру.
1-топ- мәтін кейіпкеріне құттықтау хат жазу(плакатқа әдемі
құттықтау хат жазу)
2-топ – плакатқа мерекелік сыйлықтар сыйлықтар топтамасының
үлгісін жасау(гүл дестесі ,т.б.)Сыйлықтардың кімдерге лайықты екенін түсіндіру.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдап,тақтаға плакаттарын ілу(топтан
бір оқушы қорғайды).
-Балалар,осы жақсы сөздердің барлығы мереке күні болады
екен.Бірақ өмірде әртүрлі жағдайлар да кездесіп қалады.Олай болса ,Айгүл деген
қыздың мереке күнгі басынан өткен оқиғасын білгілірің келсе,Қанат Қайымның
«Мереке» мәтінін оқимыз.
III.Мағынаны тану.
Мәтінді «Көктем күні өте жайдары еді» деген сөйлемге дейін
ғана оқып,мазмұнын түсіну.
-Балалар,мәтінде қай мереке сөз болады?
-Оқыған үзіндіде мерекелік қуаныш туралы не айтылған?
-Ал сыйлық туралы не жазылыпты?
-Құттықтау туралы не жазылған?
-Сұрақтарға мәтінен үзінді іздеп тауып,оқып береді.
-Мереке күні Айгүлдің көңіл күйі қандай еді?
Кәне,Айгүлдің көңіл күйін бет-пішіндерден(смайлик)іздеп
көрейік.Әр топ өз шешімдерін тақтадағы плакаттарына іледі.
-Сендер мөлшермен Айгүлдің көңіл күйін таптыңдар.Ол
жабырқап,ренжіп жүр екен.Олай болса,әрі қарай не болғанын оқып көрелік.
Оқып,мазмұнын түсіну.
-Мәтіннің осы бөлігінде құттықтау бар ма?
-Сыйлық туралы не айтылған?
-Қуаныш ше?
-Мерекелік қуаныш байқала ма?Ал қуаныш туралы апасы не
айтты?Айгүл үшін нағыз мереке күндер қайсысы?
-Қалай ойлайсыңдар,Айгүл ауруханадан қалай қайтты:
а) Көңілді,қуанышпен қайтты.
ә) Қатты ренжіп қайтты.
б) Соңғы ойына қарағанда,әлі нағыз мереке күнді
күтіп,жабырқап қайтты.
Оқушылардың ойларын тыңдап,қорытынды жасау.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Қолға қалам алайық,
Дәптерлерді ашайық,
Дәптерлерді ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс.
Мерекелік құттықтау хат жазып,Айгүлдің көңілі көтерілуіне
көмектесу.
-Құттықтауларын оқытып,Айгүлге деген жылы сөздерін
тыңдау,бағалау.
IV.Ойтолғау.
«Мереке» сөзіне топтастыру құрастырып,тақырыпты
қорытындылау.
-Осылардың ішіндегі ең бастысы не?
-Мәтіннен өздерің үшін үлгі болатын не байқадыңдар?
Үйге тапсырма:Мәтінді оқып,мазмұнын әңгімелеу.
Бағалау.