"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің тарихым

15.06.2017

Менің Елімнің

тарихы-менің тарихым

Пай!

Пай! Пай! Киелі неткен

жер!

                                                             

Батырлар

дүрілдеп өткен жер.

                                                                

Тұлпарлар

дүбірлеп төккен жер...

                                                        

Бас

иіп, иіскеп топырағын,

                                                        

Тағзым

жасамай өтпеңдер!

М.Мақатаев

 

«Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар

ма?! Ер жолымен өткен елдердің

тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел

екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма,

сірә да?! Елдің белін көтеретін ер ұл

туған аталық пен аналық қандай бақытты!

Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу!

Қорлық өмірге көнгенше, қадырлы өлім

таңдармын дейтін жас жалын қандай биік

мағыналы!» деп атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің

сөзі қазақ халқының тарихында болған

оқиғаларға дөп айтылған. Еліміздің жері

мен елін қорғау жолында қаншама шайқас пен

қан төгістер болды.

      

Қазақ елі бүгінгі күні егемендігін алып,

көрші елдермен терезесі тең дәрежеде

дамып, өркендеуде. Бірақ бұл күн қазақ

еліне оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қан

майдандарда қандастарымыз,

отандастарымыз елі үшін аянбай ерлік

істер жасады, бұл бізге тарихтан белгілі. Әр

елдің, әр халықтың қалыптасу жолының

тарихы болады, сан ғасырлар бойы ашық

аспанның астында бейбіт өмір кешу үшін

талай сындарды өткердік. Туған еліміздің,

төл мәдениетімізбен 

әдебиетімізідің  тарихын білу-әрбір ұлтжанды азамат үшін

парыз. Өйткені, өткенсіз болашаққа нық

қадам басалмаймыз. Мен-өз елімнің

патриотымын! Сондықтан төл тарихымызды

меңгеру біз үшін үлкен міндет.

Кез-келген мемлекетте орын алатын

жағдай, саяси оқиға уақыт сынынан өткен соң

тарих сахнасынан орын алады, сондықтан

елімізге байланысты дүниенің бәрі

тарихпен сабақтасады. Артымызда сағым

болып бұлдырап елес болып қалаған

тарихымызға көз жүгіртетін

болсақ...кешегі өтпелі кезеңде керегеміздің нық

болуы үшін өзінің сүбелі еңбектерін

қосқан, қасықтай қаны қалғанша  ел бірлігі, байтақ даламыздың қанды қол

қарақшылардың

қолында кетпесі үшін  күрескен

Жәнібек

пен Керейді, азулы, өткір көзді

арыстандай Абылай ханды елеусіз қалдыруға

болмайды. Әрине, біздің тарихымыздың

тасқыны осымен аяқталмайды... Тарихымыздың

басы болып саналатын хандығымыздың

қаралы кезеңінде өмір сүрген, халықты   бірлікке бастаған ел

билеушілерімізбен ел

бірлігін ойлаған қайраткерлеріміз

тарихтың келесі толқынына асыл мұрамызды

жеткізу үшін тынбай еңбек етті.

  Хандық дәуірден секіріп, ХХ

ғасырдың аяқ жағына

көз жүгіртетін болсақ...Кешегі

желтоқсаншылар, біздің жадымызда

өздерінің елеулі еңбектерімен өшпес із

қалдырды. Еліміздің оңтүстік астанасында

тәуелсіздіктің көк байрағын мәңгілікке

көтерген желтоқсаншы жастардың арманы,

ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасын

сақтап қалу еді. Ендігі кезек бізге де

жетті. Қой үстінде боз торғай

жұмыртқалаған елімізді аман сақтап қалу - болашақ

ұрпақ біздің қолымызда.

Қазақ

елінің тарихы-менің тарихым, өйткені ол

- менің ата-бабаларымның тарихы. Біздің

бүгінгі жетіп отырған жетістіктеріміз

сол кездерден бастау алады. Өз тарихын

білмейтін ұрпақ өз ана тілін, өз

мәдениетін, өз салтын, өз діні мен ділін меңгермейді,

ондай ұрпақтың болашағы бұлыңғыр.

 

 

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст