Жүрегімнің бөлшегі тілім менің
Буыны
бекімеген икемсіз саусақтарын ананың жылы төсіне жүгіртіп, ана сүтін қылқ-қылқ
жұтып жатқан нәрестенің құлағына алдымен ана сөзі естіледі. Ана сүті баланың
қанына тарап, ана сөзі баланың сезімін оятады. Бара- бара баланың тілі шығып,
ата – ананың, отбасының, бүкіл халықтың дәстүрімен емен еркін сөйлейтін болады.
Сүтпен еніп миға сіңген сол тіл есейген адамның саналы өмірдегі аса керекті
рухани байлығы, адамның адамдық белгілерінің бірі болып табылады.
Адам тәлім- тәрбиесіз, білімсіз,
іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірде өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын
демей, ата- ананың ұл – қызы болғандықтан халықтың, отанның ұл-қызымын деп
есептейді. Адамды сондай саналы ойға баулитын еңбек үрдісіне белсене қатысуға
мүмкіншілік тудыратын қарым қатынас құралы- ұлы мәртебелі ана тілі. Адам
білімді тіл арқылы алады,мәдениетті, өнерді, ғылымды тіл арқылы үйренеді. Тіл
ұлт ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан онда әрбір халықтың ерекшеліктері,
мәдениеті мен әдет-ғұрпы, әдеби мұралары ұрпаққа ауысып отырады. Сондықтан, тіл
байлықтарын түгел меңгердім, мен білмейтін ештеңе қалған жоқ, тіл өнерінің
шыңына шықтым, болды деп ешкім айта алмайды.
Қазақ
халқы да ежелден шешендікке әуес, тіл өнерін басқа өнерден кем санамаған. Қазақ
халқында мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер бар. Соларды игеру
халықтың тіл бацлығына ие болу. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін
келбеті, болмысы. Тіл байлыгы- әрбір елдің мақтанышы. Демек әрбір адам өз тілін
көзінің карашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.
Біздің ана тіліміз шексіз бай, тегеуріні мықты тіл.біздің басқа тілді
меңгеруімізге ешкім бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға
жетелейді. Ана тілім өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсінуге жетелейді.
Осы тілдің бүге- шігесіне, терең ирімдеріне бойлай білу саналы азамат болатын
адамның бірінші парызы. Ол туған елді, отанды сүйе білу деген сөз.
Тіл
барша адамзат арасындағы қарым қатынас десек, қазақ тілі біздің мемлекетіміздің
қарым қатынас тілі болып отыр. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де
бейнелі тілдердің бірі. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда нәтежесіз
болуынрың негізгі факторы мынау деп ойлаймын. Ол қазақ тіліне сұраныстың
жоқтығы. өз тілін біле тұра орысша сөйлесе, одан қандай нәтиже болмақ.
Сондықтан, мемлекеттік тілді меңгеру керек. Барлық ұжымдар мен мекемелерге
үкімет тарапынан қатал талап қойылса ғана біз егеменді мемлекет ретінде
нәтижеге жетеміз. Егеменді еліміздің тұғыры қашанда тілімен биік. Тіл тағдыры
туралы көкейді тескен көптеген ойлар бары баршамызға аян. Ана тілі мен қазақ
тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де, өміршең
емес. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа
алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан, ана тілін білмей ұлттың
мәдениетін жете меңгеру мүмкін емес. Олай болсса ата өсиетіне құлақ асып,
қазақтың үні, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.