"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Диктант «Теңіз үстінде»

19.04.2017

Қазақ тілі     6 «А» сынып         Мерзімі:

 

 Сабақтың тақырыбы: Диктант «Теңіз үстінде» 

 

Сабақтың мақсаты:

Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау

қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі: баяндау,

жаздыру.

 

Сабақ барысы.

 

І.Ұйымдастыру

кезеңі.

Оқушыларды

түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен,мақсатымен, шартымен

таныстыру.

 

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.

 

Диктант (6 класс)

Теңіз үстінде

     Тымырсық ауа мен ауыр ескек Андрейканы

әбден қалжыратты.Енді ол мүлде тынышсыздана бастады.Жаңа ғана мөлдіреп жатқан

аспан әлемінде енді ағыл-тегіл бұлттар көше бастады.Олар бір жағынан жарқырай

көрінеді, екінші жағынан қараңғылық жайып, түнеріп көрінеді.Андрейканы

асықтырып отырған қарт енді ескекті өз қолына алды, ауыр жүк тиелген үлкен

қайық жақын жағаға қарай жөнелді.Қарт бір ескекті тастай салды да, орындығының

астынан шекпенін алып киді.Белін мықтап буып алды, сонан соң қайықтың арт

жағына отырды.Ескекті қайықтың қасына салбыратып жібереді де, рульді

ұстады.Теңіз бетін судың мөп-мөлдір түсімен араласқан майлы толқын қаптады,

оларды үстінен жөңкіле көшкен бұлттардың көлеңкесі сипай өтіп жатыр.Кенет сол

көлеңке қап-қара болды да, көз жеткісіз кеңістікті түгел басып кетті. (115 сөз)

(А.Серафимович)

 

ІІІ.Жазба жұмысын

оқушылардың өздері тексеруі.

 

ІҮ. Жазба

жұмыстарын жинап алу.

 

Ү.Үйге тапсырма.

Өткенді қайталау

 

 

Просмотров: 1135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст