2016-2017 оқу жылының І жартыжылдығындағы өтілген
тәрбие жұмысына талдау
4 «А» сыныбында І
жартыжылдықта екі ата-аналар жиналысы болды. Жиналыстар «Бала
тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында өткізілді. Онда баяндамалар
оқылды, сауалнамалар толтырылды. сондай-ақ ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар
комитеті сайланды және оқушылардың жалпы сабаққа қатысымдары, оқу үлгерімі,
тәртібі айтылды. Баланы сабақтан себепсіз қалдырмау, оқу үлгерімін үйден де
қадағалап отыру керектігі нақтыланды. Жиналыстар өз уақытында өткізіліп,
ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі жөнінде айтылып, жалпы ата-аналардың
оқу-тәрбие саласындағы ролі(жауапкершілік,балаға уақыт бөле білу,мұғаліммен
бірігіп жұмыс жасау)қаралды.
Оқушылардың тәрбие бағытындағы қойылған көп шаралар
өтті.
Жалпы сыныпта өтілген
тәрбие сағаттары адамгершілік бағытында Отанын сүю,азаматтығын мақтан тұтып,ҚР
конституциясының маңызын білу мақсатымен білім күнінде «Менің
Отаным – Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді. Күзгі бал
кешінде «Алтын күз» атты т.с. ҚР тәуелсіздік күнінде өз Отанының болашағына
қызмет ету,қазақ жастарының ерлігін мәнгілік ұмытпауға үйрету мақсатымен
«Тәуелсіздікке 25 жыл» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Отбасы тәрбиесі бағытында
өз отбасын,туған-туысын құрметтеу,ата-анасын қадыр тұту олар қамқоршы деген
ұғымды терең түсіну,айналадағы қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болу
мақсатында «Менің Отбасым.», «Жанұядағы менің орыным» атты тәрбие сағаттары
өткізілді.
І жартыжылдықта
қауіпсісдік ережелері бойынша жолда жүру ережелерін сақтау,өрт
қауіпсіздігін сақтау тәрбие сағаттары өткізілді.
4 «А» сынып оқушылары аса
қызығушылықпен мектепішілік «Алғашқы Елбасы» атты байқауына қатысып Болатқызы
Ақерке 1 орынға ие болды.
І жартыжылдықта жоспарлаған тәрбие сағаттары
толықтай өткізілді. Сонымен қатар ата- аналармен жұмыс жүргізілді. Барлық
тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналыстары уақытында өтті.
Сынып
жетекшісі Далел К