Аудандық «Дауыс» аудандық байқауының жартылай
кезеңі.
27 қаңтар күні ауданымыздағы
жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Дауыс» вокалдық байқауының жартылай кезеңі
болып өтті. Сайысқа жартылай кезеңге жолдама алған барлық қатысушылар келді.
Осы кезең шарты бойынша әр тәлімгер тобынан екі қатысушы сахнаға шығып ән
орындайды, жақсы орындаған екі қатысушының біреуі ғана ақтық кезеңге жолдама
алады. Осы сайысқа мектебімізден жартылай кезеңге Төлеубай
С. Кушнарчук П. Омарова К. жолдама алған болатын. Олардың тәлімгері вокалдық
үйірменің мұғалімі Белоусова Л.Н.
Жартылай кезеңде олар тәлімгерімен жүргізілген жұмыстарының нәтижесін
көрсете алды. Ал кезең қорытындысы бойынша ақтық кезеңге тек Төлеубай Сұлушаш
жолдама алды. Ал Кушнарчук П. Омарова К. келесі кезеңге жолдама ала алмай
қалды, белсенді қатысқаны және жеткен жетістіктері үшін мадақтау қағаздарымен
марапатталды. Сонда да бұл оқушылар осы кезеңмен тоқтап қалмай келесі жылдары
да дайындалып бұданда жақсы жетістіктерге жетеді деген үміттеміз. Ал Сұлушашқа
ақтақ кезеңге сәттілік тілеіміз!