Текст
Қазақ тілі
мен әдебиеті пәндерінің апталығы
20 ақпаннан бастап «Московский орта мектебі»
ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
апталығы басталды. Апталық 20-25 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала апталық
жоспары құрылды. Жоспарда ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, сырртай
байқаулар, сурет көрмесі, интернет
олимпиада қамтылды. Апталықтың бірінші күні 5 «А» сыныбында қазақ тілі
пәнінен «Дауысты және дауыссыз
дыбыстарды қайталау» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар
теорияны практикада пайдалана білетіндерін көрсетті. Танымдық, шығармашылық
жұмыс түрлері көрсетілді. Сабақ басталғанда көрсетілген «Менің есімім» тренингі
сабақ тақырыбымен сәйкес келді.Сабақ қызықты, тартымды өтті.