"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Италия

09.02.2018

 Сынып : 9                       Пән :  

Дүние жүзі тарихы                          Күні :

 

Сабақтың

тақырыбы: §19.

Италия.

Сабақтың мақсаты:  Аталған елдердің соғыстан кейінгі даму

жағдайын айта отырып, қазіргі күнгі экономикасымен таныстыру, ерекшеліктерін

салыстыру.Ә.Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;Б.Тарихи санасы

қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары,

шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, картамен, оқулықпен

жұмыс.

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі

  Оқу құралын

тексеріп түгелдеу

  Оқушылар зейінін

сабаққа аударуІІ.Үй тапсырмасын

сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша

  Соғыста жеңіске

жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны басқару принциптерінің негізін айырып

айтыңдар.

  Жаулап алынған

аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау

себептері қандай?

  Әлеуметтік нарықтық

шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық экономикалық ғажайыптың

алғышарттары қандай?

  ГФР-дің мемлекеттік

және саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қалай жұмыс істейді.

  В.Бранд кезіндегі

ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды?

Сұрақ-жауап.

1 1945 ж. Әлемдік қауымдастықтың фашизм мен нацизмді

айыптауы талқыланған процесс:

2 Геман территориясында екі мемлекет ГДР мен ГФР болып

бөлінген жыл

:3 ГДР құрылған жыл:

4 ГФР құрылған жыл:

5 ГФР-дің конституциясы бекітілгенуақыты:

6 ГФР-дің парламентінің төменгі палатасы:

7 ГФР Парламенті................ деп аталады.

8 ГФР-дің 1-ші канцлеріКонрад Аденауэр қандай партия жетекшісі?

9 1949 жылғы ГФР-дің канцлері:

10 Берлин қабырғасы тұрғызылған жыл:

11В.Бранд кезінде ГФР саясатында болған өзгерістер:

12

1982 жылдан бастап ГФР-дің үкімет басшысы болған тұлға:

13 Берлин қабырғасы құлатылған жыл:14 ГДР

мен ГФР біріккен жыл:

15 Біріккен Германияның мемлекеттік құрылымы:

16Ресей Германиядан әскерін мерзімінен бұрын қашан шығарды?

17 «Темір канцлер» атанған кім?

Жаңа

сабақтың жоспары:

  Италияның соғыстан

кейінгі жағдайы және республиканың құрылуы.

  Италияның

әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері

  Италиядағы

партиялық-саяси құрылымдардың дамуы

  ХХ ғасырдың

соңы-ХХІ ғасырдың басындағы Италияның саясаты.


1946ж 2 маусымда референдум өтіп, халық

республикалық құрылысты жақтады. 1945-1947ж билік басында коалициялық үкімет

болды. Коммунистік партия (1,5 млн мүшесі бар) және социалистік партия (700

мың) басым болды. Бұл партиялар христиан демократтармен бірігіп, Конституцияны

дайындауға өз үлестерін қосты. Жаңа Конституция 1948ж 1 қаңтарында күшіне

енді.Бірінші парламенттік сайлау 1948ж сәуір айында өтті. 48% дауысқа ие

болған ХДП жеңіске жетті. ХДП жетекшісі де Гаспери төрт партия үкіметін құрды,

оған демократтар, социал-демократтар, республикашылдар және либералдар кірді.«Италиялық

ғажайып» 1950-1960ж Италияның экономикалық қарқыны бірден жоғарлады. Италияның

экон.қ жүйесінде ерекше үш басты модель қалыптасты:

  Солт.к-Батыс

Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары төңірегінде) аса ірі өнеркәсіптік

өндіріс алдыңғы қатарлы технологиямен (автокөлік, химия, компьютер, авиация

және т.б.) жарақтандырылды.

  Сол.к-Шығыс және

Орталық Италияда (Тоскана, Эмилия-Романья, Венеция) ұсақ және орташа фипмалар

ежелгі италиялық өндіріс түрлерін (керамикалық тақта, киім, аяқкиім) дамытып, ұсақ

қалалардың төңірегіне шоғырланды.

  Оңтүстік Италия )

неапольдан Сицилияға дейін) артта қалған аймақ болды. Оның тұрғындарының

көпшілігі эмиграцияға кеткендер қатарында болды.Италия социалистік партиясы (ИСП) мен Коммунистік партиясының

өкілдері араласқаннан кейін, бұл үкіметтер солшыл орталықшылдар деп аталды.

1963-1968 және 1974-1976 жылдары оның басына Италияның ең ірі саяси қайраткері

Альдо Моро келді.1976 жылғы сайлауда ХДП-35%, Коммунистік партия 34% дауыс

алды. ХДП-ның көрнекті мүшесі Альдо Моро үшінші жолды ұсынды, ол компартияны

елді басқару ісіне қатысуға шақырды.1977ж маусымда компартия үкімет саясатын

қолдайтын келісімге қол қойды. Үкіметті ХДП жетекшісі Дж. Андреотти

басқарды.1978 ж елдегі қызыл бригада деп аталатын қылмыстық топ ХДП-ның басты

қайраткері Альдо Мороны өлтірді.1981ж үкімет құру құқығы республикашылдар

жетекшісі Спадолинниге, кейін Социалистік партия жетекшісі Б.Краксиге берілді.

1992ж парламент сайлауы басты парламент сайлауы басты саяси партиялардың: ИКП,

ИСП және ХДП-ң рөлі төмендегенін дәлелдеді. Сол жылдың басында Италияда «Таза

қол» атты көлемді қозғалыс дамыды. «Таза қолдың» тергеу тізіміне 20 мыңнан

астам адам ілінді. Екі жылдың ішінде 2 мыңнан астам адам тұтқындалды.1994ж ХДП

үш саяси ағымға кетті.

 

Бекіту:

  Италиядағы

демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге әсерін тигізді?

Бұл процеске қандай саяси күштер қатысты?

  Италияның

әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қалай айқындалады? Италиядағы

«экономикалық ғажайыптың» себептері неде?

  Не себептен

Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақтылықты негізгі болып, көп жылдар

бойы өмір сүрді.Зымыран сұрақтар:

  Италиядағы

антифашистік күштер одағына кіретіндер? (ХДП, коммунистер, социалистер)

  1948 ж Италияда

сайлауда жеңіске жеткен партия: ХДП

  Ірі өндіріс

шоғырланған Италия бөлігі: Солтк-Батыс.

  1992ж Италияда

болдған парақорлыққа қарсы кең көлемді күрес ұйымының атауы: (Таза қол)

  1978ж Италияда

болған ең атышулы террорлық акт: (ХДП лидері Альдо Мороны ұрлау және өлтіру).

  «Алға Италия!»

саяси тобының мүшесі: (С.Берлускони)Бағалау.Үйге: §19.

 

Рфлексия:

Бағалау.Үйге: §19.

Просмотров: 1107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст