І НҰСҚА
1.
Сөздерден жуан айтылған сөзді тап
А) озат.Ә) өмір.Б) төсек.
2. «Мөлдір, жаңа, таза, жіңішке» сөздері
қай сөз табына жатады?
А) зат есім.Ә) сын есім.Б) естістік.
3. Қатаң дауыссыздарды белгіле:
А) п, в, р. Ә) ш,щ,ж. Б) ц,ч,щ.
4. Ы - қандай дыбыс:
А) жуан дыбысты .Ә) ұяң дауыссыз .Б) жіңішке
дауысты.
5. Қате жазылған сөзді тап.
А) аспазшы .Ә)
аспашшы .Б) теңізші .
6. Мына қатардың ішінен сөйлемді тап.
А) Әйгерім билейді Ә)
жылады. Б) жануарлардың .
7. Жалғауы ұяң дауыссыздан
басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.Ә) Қонақтар.Б) Қайындар.
8. Сөздің
басында кездеспейтін дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ж, 3.Ә) У, X.Б) Ң, Й.
9.Сөйлемді белгіле:
А) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Ә) Ұшып
кетті.Б) Жылы жаққа.
10. Жіктік жалғауларын белгіле:
А)-мін, -сін, -сіз. Ә)
-ма,-ме,-па,-пе.Б)-ым, -ім, -м.
11. Мәтінге ат қою деген дегеніміз не?
А) ондағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау.Ә) автордың айтайын деген басты пікірі.
Б) мәтіндегі негізгі ой мен тақырыптың мазмұны.
12. Мәтін неше түрі болады?
А) 2.Ә) 3.Б) 4.
13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта.
Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа
туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады.
А) пайымдау.Ә) әңгімелеу.Б) сипаттау.
14. Қандай сұрақ қою арқылы әңгімелеу мәтіні
екенін ажыратуға болады?
А) Не болды?Ә) Неліктен?Б) Нешінші?
15. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) айалдама.Ә) аялдама.Б) аиалдама.
16.Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле:
А) қатаң, дауыстыӘ) қатаң, ұяң, үнді.Б)
ұяң, үнді, дауысты.
17. Мәтін деген не?
А) өзара мағыналық байланыста айтылатын
екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
Ә) екі
немесе одан да көп түбірден жасалған сөз.
Б) заттың
іс- қимылын білдіреді.
18.Заттың, сапаның, қимылдың атауы:
А) мәтін.Ә) сөз.Б) буын .
19. Мәтіннің қай бөлігіне
жатады?
«Біз жаңа мектепте оқимыз.Мектеп жаңа. ... »
А) басы.Ә) негізгі бөлімі.Б) соңы.
20. «Зиян» сөзінде неше дыбыс бар?
А) төрт
дыбыс.
Ә) алты
дыбыс.
Б) бес
дыбыс.
ІІ НҰСҚА
1.«Балықшылар» сөзінің түбірін
тап А) балықшыӘ) балықБ)
балықшылар
2. Сипаттау мәтінге
қай сұрақ қойылады?А) не үшін?Ә)
қандай?Б) қанша?
3. Ұяң дауыссыздарды белгіле:
А)қ,к,ғ,г. Ә)л,м,б,в. Б)ж,з,б,в.
4. Мәтінге ат қой.
Бір күні Қожанасыр досына келсе, ол үйін тазалап
жатыр екен. Қожа одан:
- Е, достым! Не
істеп жатырсың? – деп сұрайды.
- Ә, Қожа екенсің ғой!
Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр ем, - дейді досы.
- Қой, достым! Киім
ескіргенімен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен ішіндегі ақыл сөзі
ескірмейді, - депті сонда Қожанасыр.
А)
Қожанасырдың досыӘ) Ескірген
киім Б) Кітап
ескірмейді
5.Жалқы есімді
тап:
А)Бөрібасар. Ә)Қала. Б)Ауыл.
6. Пайымдау мәтіні деген
не?
А) белгілі
бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын
дәлелдейді
Б) бір нәрсе жөнінде баяндайды,
хабарлайды.
7 .Сұрақ белгісі қойылатын
сөйлемді тап:
А)Сабақтан кешікпеӘ)Сабақтан кешіктің
беБ)Сабақтан кешігуші болма
8. Сөзге қате
жалғанған қосымшаны табыңыз.
А) ватқа.Ә) граммдап.Б)металдың.
9. Әңгімелеу мәтіні деген не?
А) бір нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды. Ә) бір нәрсе туралы неліктен солай
айтылғанын дәлелдейді.
Б) хабарлы сөйлем.
10. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді
табыңыз?
А) көңілді .Ә)
қызғалдақ .Б) жияды.
11. Мәтіннің түрлерін көрсет.
А) әңгімелеу, пайымдау, сипаттау.Ә) қорытындысы, соңы, басы.Б) басы, негізгі, соңы.
12. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін
белгілеңіз.
А) Жуан, жіңішке.Ә) Үнді, қатаң.Б) Ашық, қысаң.
13. Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Оның көз алдына бет ұшында қарашықтай меңі
бар, талдырмаш қара торы қыз елестеді.
А) сипаттау мәтініӘ) пайымдау мәтініБ) әңгімелеу мәтіні
14. –хана
жұрнағын қандай сөзге жалғауға болатынын белгілеңіз.
А)су.Ә)кітапБ) сұлу.
15.Туынды сөзді көрсетіңіз.
А) қарт. Ә)
сыйлау. Б) бас.
16. Мәтінде ... мағыналық
жағынан байланысқан.
А) сөздер.Ә) сөйлемдер.Б) дыбыстар.
17. Түбір-жұрнақ-жалғау жалғанған сөзді тап
А) жылқышылар.Ә)диван.Б) телефон.
18. Тиісті әріптерді қойыңыз: Ша...матшы,
мульт...ильм
А) Ш,хӘ) Щ,зБ) Х,ф
19. Пайымдау мәтіні
деген не?
А) белгілі
бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетеді, қандай екенін сипаттап суреттейді.
Ә) бір
нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді
Б) бір
нәрсе жөнінде баяндайды, хабарлайды.
20. Ә. Тәжібаевтің өлеңі не туралы?
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда ашылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
А) Өмір сүруӘ) Тіл қадіріБ) Сырласу
3 НҰСҚА
1.Мәтіннің неше түрі бар?
А) екі түрі Ә) үш түрі Б) төрт түрі
2. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз
A)
5.Ә) 3.Б) 6.
3. Баяндауышты
табыңыз.
Күзде жыл құстары
жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.Ә) Жылы.Б)Ұшып кетеді.
4.Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Ақ. Ә)
Қара ала. Б) Қызыл сары.
5. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.
A) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай. Ә) Шылау, үстеу.Б) Қыстырма сөз,үстеу.
6. Біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобын
табыңыз.
А) Сөйлем Ә) Мәтін Б) Сөз тіркесі
7. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қандай
тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте Ә) үтір Б) сұрақ
8. Жалаң сөйлем деген не?
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
Ә) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,
тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.
Б) Бастауышы жоқ сөйлем.
9. Сөйлемге тиісті тыныс белгіні қойыңыз. «Мұз айдында коньки тебу қандай
тамаша...»
А) : Ә) ? Б) !
10. Сөз тіркесі неден құралады?
А) Буындардан Ә) Бір
не екі сөзден Б)
Екі не одан да көп сөзден
11. Сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді атаңыз.
А) Бастауыш Ә) Қыстырма сөз Б) Біріккен сөздер
12. Күрделі етістікті белгілеңіз:
А) Ұшты Ә) Жазбаған Б) Көріп келді
13. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі
қалай аталады?
А) Сөйлемнің дара мүшесі
Ә) Сөйлемнің күрделі мүшесі Б) Бірыңғай мүшелер
14. Сөз тіркесі бар сөйлемді табыңыз.
А) Өтірік сөз өрге баспас Ә) Күн
жылынды. Б) Асқар мен Болат ағайынды.
15. Күрделі етістікті тап.
А)жуып тұр Ә)
жуды Б) жуған
16. Сұраулы сөйлемге айналдыр: Анаңа көмектесесің ... ?
А) ме Ә) сірә Б) бе
17. Негізгі сын есімді белгіле:
А)тереңи Ә) көкпеңбек Б) ұмытшақ
18. Негізгі түбір сөзді белгіле:
А) бағады Ә)
бағу Б) бақ
19.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесін анықта:
А) шылау Ә)
етістік Б) бастауыш
20.. Қыстырма сөзді көрсет:
Рас, алғаш көргенде танымадым.
А) танымадым
Ә) рас
Б) алғаш
4 НҰСҚА
1. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бөлінетінін табыңыз.
А) 7. Ә)
3Б) 2
2. Қашан ? сұрағына
жауап беретін үстеудің атауы:
А) мезгіл Ә) мекен Б) сын-қимыл
3. Дара сан есімді көрсет:
А) жиырма үш Ә) жүз Б) бір-бірден
4. Негізгі зат есімді көрсет:
А) күйші Ә) күйді Б) күй
5. Барлық сөйлем мүшелер саны:
А)2 Ә) 4 Б)5
6. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) менім Ә) қонырау Б) қоңырау
7. Жалаң сөйлемді көрсет:
А) Ол оқып отыр.
Ә) Мен таңға дейін
отырдым. Б) Оның музыкалық мәдениеті
өте бай.
8. Күрделі сөзді тап:
А) аттан жығылды Ә) әуежайға беттеді Б) жығылып қала
жаздады.
9.Дара сан есімді тап:
А) мың
Ә) он сегіз Б) екі мың бес
10. Бір сөзден тұратын сын есімнің атауы:
А) күрделі сын есім Ә) түбірлес сын
есім Б) дара сын
есім
11.Күрделі мүшесі бар сөйлемді тап:
А) Бақыт кітап оқыды Ә) Бақыт оқыды. Б) Бақыт оқып отыр.
12.Біріңғай мүшелерден соң қайталанып келген шылауы бар сөйлемді
белгіле:
А)Асан мен Үсен жаяу келе жатты. Ә) Өзен,
көлдер-жердің берекесі.
Б) Балалар да, үлкендер де көңілді көрінді.
13. Сөз тіркесі неден құралады?
А) Екі сөзден. Ә) Екі не одан көп сөзден. Б) Бір ғана сөзден.
14. Жалаң сөйлемді белгіле:
А) Бүгін ол келмеді. Ә) Олқызықты
кітаптар оқыды. Б) Ол оқыды.
15.Сөйлемнің күрделі мүшелері дегеніміз не?
А)Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем
мүшесін айтамыз
Ә) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін
айтамыз.
Б) Сөйлемнің дара және күрделі мүшесін айтамыз.
16. Етістіктен жасалған күрделі мүшелерді тап.
А) Жазира сабағын оқыды.Ә) Жазира сабағын оқып отыр.Б)
Жазира сабақ оқыды.
17. Сөйлемдер қатарынан біріңғай мүшелері бар сөйлемді тап.
А) Партаның үстінде қаламдар жатыр.Ә)Партаның үстінде қалам,
кітап, дәптер жатыр.
Б) Партаның үстіне кітапты қойдым.
18. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Талаптыға нұр жауар. Ә) Еңбек
түбі – береке.
Б) Үш салт атты жүріп келеді.
19. Жалаң сөйлем деген не?
А) Бастауыш пен
баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
Ә) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,
тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.
Б) Бастауышы жоқ сөйлем.
20. Жайылма сөйлем деген не?
А) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.
Ә)
Баяндауышы жоқ сөйлем.
Б) Бастауышы жоқ сөйлем.
5 НҰСҚА
1. Екі не оданда көп жай сөйлемдерден құралатын сөйлем:
А)
хабарлы сөйлем
Ә) құрмалас
сөйлем
Б)
Жай сөйлем
2. Қыстырма сөзді көрсет:
Рас, алғаш көргенде танымадым.
А) танымадым
Ә) рас
Б) алғаш
3 . Қыстырма сөзді
көрсет
А) Сірә
Ә)
келіп
Б) Қалар
4.Қос ана ғой көк...жер!
Тиісті шылауды белгіле.
А)ғана
Ә)бен
Б) пен
5.Қарсы мәндес сын есімді тап:
А) адам, кісі.
Ә) ыстық, суық.
Б) әдемі, сұлу.
6. Қарсы мәндес сын есімді белгіле:
А) батыр-ержүрек.
Ә) биік-аласа.
Б) барды-кетті.
7. Қарсы мәндес сөздері бар сөйлемді тап:
А) Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ.
Ә) Қажымұқан-әлемге танымал қазақ
балуаны.
Б) Қыста біз шаңғы, шанамен ойнаймыз.
8. Қарсы мәндес сөздердің ерекшелігі:
А) мағыналары бірдей болады.
Ә) мағыналары әр түрлі болады.
Б) мағыналары бір-біріне қарсы болады.
9. Мағынасы жуық сөздер қатарын белгіле:
А) ірі, жуас.
Ә) атқыш, мерген.
Б) орта, кем.
10.Қара деген сын есімге қарсы мәндес сын есімді белгіле
А) ақ
Ә) алыс
Б) жоғары
11. Жай сөйлемді көрсет.
А) Аспанда шөкімдей бұлт жоқ.
Ә) Күз түсті бірақ күн әлі жылы.
Б) Көктем келіп дала гүлдеді.
12.Шешен сөзіне мәндес сөзді көрсет:
А) сөзшең
Ә) белсенді
Б) көреген
13.Мағыналары қарама-қарсы сөздерді көрсет:
А)жып-жылтыр, тап-таза, жұп-жұқа.
Ә) суық-жылы, ұзын-қысқа, биік-аласа.
Б) аласа-тапал, суық-салқын, ұзын-жіңішке.
14.Жай сөйлемді көрсет:
А) Сабақты жақсы оқыды.
Ә) Келген қонақтар ауылдың табиғатын
тамашалап, өзен жиегінде тамақ ішті.
Б) Мынау екі ақын Абайға көп кезде
бірге туысқан аға, ініндей көрініп қалды.
15.Қарсы мәндес сын есімдер жұбын көрсет:
А) лай-тұнық, сулы-құрғақ, жас-кәрі.
Ә) лай-тәтті, жас-кіші, ащы-сулы.
Б) жас-кәрі, лай-тұнық, тәтті-ащы.
16.Қыстырма сөздерді көрсет:
А) бәсе,әрине, сірә.
Ә) әрі, бері, гөрі
Б) қой, ғана,ше.
17.Берілген сөздер ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді
көрсет:
А) айт-айтшы.
Ә) жуан-жіңішке.
Б) қолы-аяғы
18.Құрмалас сөйлемді тап:
А) Күннің жылы лебі сезіледі.
Ә) Олар екінше тордың айналасына шоғырланды.
Б) Қар жауса балалар қуанады.
19. Бір ғана тиянықты ойды білдіретін сөйлемді көрсет:
А) жай сөйлем.
Ә) құрмалас сөйлем.
Б) жайылма сөйлем.
20.Сөйлем басында келген қыстырма сөзден кейін тұратын
тыныс белгісі:
А) нүкте.
Ә) үтір.
Б) леп белгісі.