Жоғарғы
сынып оқушыларына өзіндік жұмыстардыұйымдастырудың ерекшеліктері
Жоғарғы сынып оқушыларына әр пән
бойынша берілетін өзіндік жұмыстардың өз ерекшеліктері бар. Оқушылар жұмысты
ойдағыдай және нәтижелі орындауы үшін пән мұғалімдері өзіндік жұмысты ұйымдастырудың
ерекшеліктерін білуі тиіс.
Пән бойынша жоғарғы сынып оқушыларына
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда келесі фактілерді ескеру керек:
1. 7-8 сынып оқушыларының
практикалық және тану ебдейліктерін бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым жоғары деңгейде
қүру. Бүл оқушыларға өз бетімен орындауга берілген тапсырмалардың
күрделі болуын қажет етеді.
2. Жоғарғы сыныптағы оқушылардың
жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық және ойлау қарекеттерінің ескерілуі.
Бұл ерекшеліктер мыналардан тұрады:
– жалпы теориялық дайындығы төменгі
деңгейдегі жоғарғы сынъш оқушыларының өзіндік жүмысқа белсенді қатысу үрдісі
7-8 сылып оқушыларына қарағанда анағүрлым баяу өтеді;
– жаттығу жұмыстарының бір түрінен
екіншісіне кірісу үрдісінің уақыты төменгі сынып оқушыларымен салыстырғанда едәуір
жәй өтеді, мысалы, мүғалімнің түсіндіргенін тыңдаудан, оқулықпен өзіндік жүмыс
орындауға немесе кіташен дербес жүмыс істеуден, әңгімелесуге қатысуы;
– жаттығу түрлерін көп мөлшерде қолданғанда
жұмыстың бір түрінен екіншісіне өтуі баяу болғандықтан, сабақта тез жалығу
пайда болып өз жұмысына қанағаттанбайды;
– бірақ олар пән бойынша үйде өз
бетімен анағүрлым тиімді, көңіл аударып және мұғалім ұсынған әдебиеттермен
ынталы жұмыс істеуі, сонымен қатар берілген есептердің шешімін табуы мүмкін;
– жоғарғы сыныптағы көптеген оқушылардың
сын көзқарастары жақсы дамығандықтан, қарастырылған мәселелерді толық талдауға
және туындаған күмәндарын тексеруге ұмтылады. Бұрынғы қалыптасқан білімдерімен,
көзқарастарымен үйлеспейтін түсініксіздікті « есте сақтау» үшін, «сену» үшін қабылдамайды.
Олар өз пікірлерін ашық айтып (әрине, егер мүғалім бұған мән беріп, аңғарып
отырса), мұғалімнен өздерін ойландыратын сұрақтың жауабын алуға тырысады. Осы
мақсатта ұстазы ұсынған кітаптар мен мақалаларды, теледидар, радио және де басқа
ақпарат көздерін пайдаланады.
Физика пәні бойынша жоғарғы
сыныптар үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында мына фактілерді де ескеру
керек:
– физикадағы оқу материалының күрделілігінің
кенеттен өсуі;
– ондағы физикалық теория мен
математикалық амалдарды қолданудың артуы;
– әдіснамалық сипаттағы жалпылау
мен қорытындылаудың маңызының артуын.
Оныншы сынып оқушыларының өзіндік
жұмысын ұйымдастырғанда тағы бір ерекшелікке көңіл аударылуы тиіс. Бұл
ерекшелік сыныпқа басқа да тоғыз жылдық мектептерден келген түлектердің
математикалық дайындық деңгейі және білім қорының әр түрлілігіне байланысгы.
Сондықтан оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмысты орындау дайындығының деңгейі де
бірдей болмайды. Кейбір тоғызыншы сыныптағылар оқулықпен дербес жұмыс
істемеген, өз бетімен есептер шығармаған (бақылау жұмыстарында берілген
есептерден басқа). Ал кейбір оқушылар мұғалім өз бетімен орындауға ұсынған
тапсырмалардың барлық түрімен еркін жұмыс істейді.
Келтірілген фактілер жоғарғы
сынып оқушыларында өзіндік жұмысты басқаруда сабақтың қай формада, қандай ауқымда
ұйымдастарылуын, тексеру әдісін және тағы басқаларын анықтайды.
Біріншіден, 10-11
сыныптарда 7-9 сыныптарда қолданылған жұмыс түрлерімен қатар өзіндік жұмыстың
жаңа түрлері пайдаланылады. Мысалы, баяндама және реферат тезистерін жазу, мәтіннен
үзінді жазуды орындау, белгілі бір сұраққа әр түрлі көзқарастарды салыстыра
отырып талдауды жүзеге асыру үшін бірнеше әдебиет көздерімен жұмыс істеу; курс
бөлімдері мен әр түрлі тақырыптарды немесе түрлі курстарды оқу барысында алған
білімдерін жалпылауға, жүйелеуге берілетін тапсырмаларды орындау (мысалы, зат және
өріс туралы, физика, химия, биологияны оқытуда алған білімдерін қолданып
жалпылау және жүйелеу; физика және математика сабақтарында қалыптасатын
“шамалардың функционалдық тәуелділік” түсінігінің жалпылануы.
10-11 сыныптағы физика курсында
теорияның ролі күшейеді, осыған орай оқушыларды теориялық ойлау қабілеттерінің
дамуына және ебдейліктерінің қалыптасуына көп көңіл аударылады. Жалпы теориядан
дедуктивтік әдістің көмегімен ойша пайымдаудан теория салдарының қорытындысы тұжырымдалады.
Екіншіден, оқушылар жаңа білім алу үрдісінде пайдаланатын оқыту
әдістері мен тәсілдері тиімді, әрі орынды болуы тиіс, яғни ең аз уақытты шығындап
көзделген мақсатқа (қажетті ақпарат көлемін игеруге, минимум білім және дағдыны
меңгеріп алуға) жетуге алып келеді. Мұндай талаптарды, икемдіктерді жүзеге
асыратан оқытудың жалпылау және жүйелеу әдісі.
Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген мәселелер жоғарғы сыныпта қолданылатын
оқыту сабақтарының түрлеріне ықпалын тигізеді. Жалпы білім алуда, өз бетімен
білім алу және оны практикада қолдану ебдейліктерін қалыптастыру, тұжырымдау және
алған білімін жалпылап жүйеге келтіру, қорытынды жасаудан соң жоғарғы сыныптағыларға
семинар, физикалық практикум, жалпылау әдістері мен факулътативтік курстар сияқты
оқыту сабақтарының түрлерін қолдану қажет. Бұлар бір жағынан оқушыларда бар өзіндік
жүмыс ебдейліктері мен дағдыларына зор талап қояды, екінші жағынан осы
ебдейліктер мен дағдылардың дамуына мүмкіндік туғызады.
Пән бойынша оқыту үрдісін ұйымдастырғанда
мектептегі жоғарғы сынып оқушыларынъщ өзіндік жұмыстарында жоғарыда көрсетілген
ерекшелікгерін ескеру қажет.
Фызика пәнінен 10-11 сыныптардың өзіндік,
жұмыстарын
ұйымдастырудың ерекшеліктері
10-сыныпқа әр мектептен келген оқушылардың
білім қоры әр түрлі болатынын ескеріп, бірінші сабақ барысында-ақ өзіндік жұмыстың
түрлерін ұйымдастыру арқылы олардың пән бойынша білім деңгейін, оқулықпен
дербес жұмыс істеу дағдыларын қалай пайдаланатыныл, өз бетімен есеп шығара біле
ме, құралдармен жұмыс істей ала ма және тағы басқаларды анықтауы қажет. Бұл жұмыстаң
әр түрін ұйымдастырғанда оқушылардың дайындық деңгейін ескеруге мүмкіндік
береді. Бұған қоса сауалнама әдісімен оқушылардың пәнге және оның белгілі бір бөлімдеріне
деген қызығушылықтарын зерттеп білу керек, сонымен бірге олар ғылыми-көпшілік және
техникалық әдебиеттерді оқитындықтарын (нені және қалай оқитынын) анықтау қажет.
Осыларды біле отырып, мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқуларын тез басшылыққа
алуға, оларды қызықтаратын сұрақтар бойынша әдебиетгер ұсынуға, барлық оқушыларды
ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға жұмылдыруға мүмкіндік алады.
Оқу жылының басында оқу әдебиеттерімен
дербес жұмыс істеу дағдыларын жетілдіретін тапсырмаларды жүйелі түрде енгізу
керек. Сыныпта және үйде өз бетімен орындауға берілетін материал көлемін
біртіндеп арттырып отырған дұрыс және қиынырақ сұрақтарды мұғалім өзі баяндауы
керек (қатты денелердегі, сұйықтардағы және газдардағы молекулалардың қозғалысының
ерекшелігін, молекуладағы атомдардың байланыстарының түрлерін, ішкі энергия
туралы түсінік және т.б.).
Нақты сабақта өзіндік жұмыстың
алдын-ала қарастырылған білімнің барлық көлемін толық, әрі дұрыс меңгеруін қамтамасыз
ету үшін фронтальдық эксперименттің және оқулықпен өзіндік жұмыс қорытындылары
сол уақытта тексерілуі тиіс.
Сонымен бірге, жеке сұрақтарды оқушылар
үйде оқулық көмегімен талқылауы мүмкін. Қиын теориялық талдауларды,
демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстарды қоюды қажет етпейтін
материалдарды үйге өзіндік жұмыс ретінде қалдыру керек. Бұдан басқа оқулықта
материал қаншалықты толық баяндалғанына және осы сұрақтар бойынша оқушыларга қолайлы
қосымша әдебиеттер бар ма, осыларға көңіл аударылуы тиіс. Негізінен бұл сұрақтар
жаңалықтың ашылу тарихына, техникада қодданылатын денелердің қасиеттеріне, құбылыстар
мен заңдарға байланысты.
Үйге берілген барлық өзіндік жұмыс
көлемі орта мектепте жалпы білім беру ережесі бекіткен мөлшерден артып кетпеуі
керек. Жоғарғы сыныптарға пән бойынша берілген үй тапсырмасын орындайтын уақыты
45 минуттан аспағаны жөн.
Реферат жазу оқушылардың қызығушылықтарын
оятатыны белгілі. Ең жақсы жұмыстарды сабақта немесе оқу конференцияларында тыңдау
пайдалы. Оқушылар рефераттың бір бөлігін мұғалімге жазбаша түрде әкеліп тапсыруға,
ал екінші жартасын физикалық үйірмеде немесе қысқаша баяндама түрінде төменгі
сынып оқушыларының алдында оқуға болады. Мұның үлкен тәрбиелік мәні бар.
Осылардың барлығы әдебиетпен өзіндік жұмыс істеу дағдыларының дамуына ғана мүмкіндік
туғызбайды, сонымен қатар оқушылардың физика және техника туралы ғылыми-көпшілік
әдебиеттерді қызыға оқуға, білімдерін кеңейтуге және үздіксіз тереңдету қажеттігіне
тәрбиелейді.
Барлық оқушыларға өзіндік жұмыстардың
жалпы түрімен қатар жеке тапсырмаларды үнемі беру қажет. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру
кезінде мұғалімге дидактикалық материалдар көп көмек тигізуі мүмкін.
Оқушылардың алған білімдерін
жалпылайтын және жүйеге түсіретін, мұғалімнің өзі дайындаған дидактикалық
карточкалар ерекше орын алады. Олардың есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстарында
карточкаларды қолдану әр оқушымен жеке-жеке жұмыс істеуді ұйымдастаруға айтарлықтай
мүмкіндік береді.
10-11 сыныптарда оқу
конференциялары мен семинарларын өткізуге көбірек көңіл бөлінеді. Мысалы,
10-сыныпта келесі тақырыптар бойынша конференциялар өткізіледі:
1) “Соққы құбылысының техникада қолданылуы
“.
2) “Металдардың беріктігін жоғарылатудың
қазіргі тәсілі”.
3) “Жылу қозғалтқыштарының ПӘК жоғарылату
жолдары”.
4) “Жартылай өткізгіштердің
электрлік қасиеттері”.
Оқу конференциялары мен
семинарларын өткізудің мақсаты әр пәнді оқу барысында алған білімдерін жүйелеу
және жалпылау болып табылады.