"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақтың тақырыбы: “Қысқы киімдер”

04.01.2018

Сабақтың

тақырыбы: “Қысқы киімдер”

Мақсаты:

Білімділік: Балалар киімі, киім түрлері, қысқы

киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Әр мезгілде киетін киімдерді атай

білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін,

сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, граматикалық тұлғада жүйелі

сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік: Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.

Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілінің суреттері,

қысқы киім үлгілері.


Оқу іс - әрекетінің барысы:

Сергіту сәті

Біздің топта балалар,

Тату - тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылықты ойлайды.

Жыл мезгілдері

Қыс айлары

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Қыс мезгілінде біздер қалай киінеміз?

Ал, балалар бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа

келді. Ол өзімен бірге бір сандық киімдер ала келген. Осы киімдерге қарап қай

киім қай мезгілге жататынын кім айтады?

Киімдерге сипаттама беру

Малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.

Тон - қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен

жылы сырт киім.

Пима - жүннен басылған қысқы аяқ киім.

Байпақ - етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп

басылған киіз шұлық.


Жұмбақтар

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады (Қар)

2. Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.(Аяз)

3. Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар (Қолғап)

4. Қайқы тұмсық, қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.(Шаңғы)

5. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны


Сергіту сәті

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Мұз болады қатады,

Жыл жылтыр болып жатады.

«Қай мезгілде киеміз?» Тақтада суреттер

көрсетіледі, балалар таңдап алады.

Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты

санамағын жаттаймыз.

Тыйым сөздер

Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге

болмайды.

Бас киімді әрқашан таза ұқыпты ұстап төрге ілу

керек.

Аяқ киімді төңкеріп қоюға болмайды. Әйтпесе,

адамның жолы болмайды.

Оқу іс - әрекетін қорытындылау

«Қайсысы артық» дидактикалық ойын.

Киімдерді топтап айтқызу.

Үйге тапсырма Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім»

атты санамағын жаттап келу.

Просмотров: 736


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст