"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Московское отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын тіліне көшу

19.09.2017

Латын тіліне көшу

Мемлекет

басшысы Н. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

Қазақстанның 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшетінін мәлімдеген болатын.—

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда сөйлеген сөзінде: «… ең бастысы — қазақ

тіліне жаңғыртуға жағдай туғызады», — деген болатын. .

Осыған

байланысты, Елбасымыз алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше

жобасын да  ұсынған. Оның бірі, қазақ

тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керектігі. Халқымыз бұл

мәселелер барысында жан-жақты қажеттілікті терең түсініп және оған кірісуге Тәуелсіздік

алғаннан бері мұқият дайындалып келді.

Латын

әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып,

кейін кириллицаға ауыстырылды.1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын

латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру

туралы» заң қабылданды.

Осылайша,

қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып

келді.

Елбасы

2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025

жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді.Бұл – сол

кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.Яғни, 2025

жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен

басып шығара бастауға тиіспіз.Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай,

бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Мектеп жасындағы оқушыларымыз  ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп

жатыр. Болашақта жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды деген сөз.Латын

тілі қазақ тілін қарқынды дамытып қана қоймай, осы күнгі ақпарат тіліне де

айналары сөзсіз.Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте

өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу

керектігін ойлануымыз қажет. Себебі, латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай,

ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу

керек десек, біріншіден, латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз

жөн. Екіншіден, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет.

Бұл жазу - елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын

танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт

салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты

мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып

кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз.

Ғалымдар,

әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет

дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып

жатыр.

 Алаңдаудың

реті жоқ… Әрине бір жазудан екінші жазуға көшу халқымыздың  осы рухани байлықтан сусындауына көптеген қиындық

тудыруы мүмкін. Сондықтан әліпби  мен

жазу мәселесіне тілдік тұрғысынан басаназар аударылса, жазу мен әліпби мәселелері

бір-бірімен тығыз байланысты болары сөзсіз. Бүгінде ғалымдарымыз 30-31 әріптен

тұратын әліпби жасауды басты назарға алып отырғаны ақпараттар бойынша бәрімізге

аян. Бұл бұрынғы 42 әріптің қысқарып, 10 таңбасы алып тасталынатынын көрсетеді.

Тілімізді сақтап қаламыз десек, латынға көшу керек! Тағы бір ескеретін жай —

латын әліпбиіне өтсек, барлық қиындықтар шешіледі деп арқаны кеңге салуға да

болмайды. Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен  қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша

сөйлеуі керек». Тіл сөйлеген үстіне сөйлей берсең ғана шыңдалып, айналадағы басқаларға

да әсер ете түседі.  Латын тіліне көшуде

көптеген елдердің, сонымен бірге түркі тілдес елдердің бұл тақырыпта жинақтаған

мол тәжірибесі бар, өткендерге қиын болып жатыр дегенді еш жерде естімедім.

Статистика бойынша бүгінде кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана

пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады.

Демек, бұл - кең таралған жазу.

 Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың

бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары

қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.Латын тілінің артықшылығы мол боларына,

бұл мәселе де уақыт еншісінде өз шешімін табарына сенімім мол.

 

«Московский орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Маханова Лаззат Таргыновна

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст