Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Мақсаты:
1.Сөздің белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның, т.б. атауын ұғындыру,сөздің
өзіне тән мағынасы болатының байқату.
2.Сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.Өз бетінше орындауға,ізденуге,
зерттеуге үйрету.
3.Оқушылардың сөздік қорын дамытып,сөздерді мағыналарына
қарай орнымен қолдануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық тақырып бойынша суреттер,слайд.
Сабақтің түрі: Қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,карточка,слайд.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқушалардың
назарын сабаққа аудару.
Келіңдер, балалар,
Шеңбер құрайық,
Күлімдеп бір-бірімізге қарайық,
Сәттілік тілеп бүгінгі сабаққа,
Күн сәулесін сыйлайық.
Мұғалім: Балалар,мына үлкен күн сәулесін тақатаға іліп қояйық.Күн
сәулесі бізге көңілді шуағын төгіп, сабағымыздың қызықты да жықсы өтіуіне өз
септігін тигізеді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу
·
Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып
оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.
·
Мәндес сөздердің қай сөз табына жататының анықтау.
·
Оқушыларға бағалау парақшасын тарату.
ІІІ.Өткенді пысықтауға
арналған сұрақтар. (слайд)
Қарым-қатынас не арқылы
жүзеге асады?
Сөз деген не?
Сөз мағынасына қарай
неше түрге бөлінеді?
Синоним, омоним,
антоним сөзі қандай мағына береді?
Суретпен жұмыс
(слайд)
ІҮ.Жаңа материалмен жұмыс:
А) Дәптермен жұмыс.Күн
реті,көркем жазу.
1-жаттығу.Карточкадағы сөйлемді дұрыс
құрастыру.Қарамен жазылған сөздердің мағынасына көңіл бөл.
(топ пен жұмыс)
Арық- су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы.Мал қыстан арық шықпас үшін, күтім керек.Бақ
ішінен жеміс жинаған балалардың көңілді дауыстары естіледі.Мал баққаның еңбегі текке кетпес.Сәуленің
атасы қатқан мұзды оюға кірісті.Текеметтің
оюлары ажарлы екен.
2-жаттығу.Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып
жаз.
Жылқышы – сулы, батпақты жерде өмір сүретін, тұмсығы ұзын құс. Оңтүстік аудандардың
тау бөктерінде өсетін өсімдіктердің бір
түрі – зерек.Назым, Астананы аралап көрші, қандай әдемі қала! Мәшине кілт
тоқтады. Өлең - ылғалды жерде өсетін
шөп.
Сергіту сәті .
Иiлiп оңға бiр,
иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң
аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
3-жаттығу. Суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің
басқа мағыналарын тауып жаз.
Өздік жұмыс 4-жаттығу.Берілген сөздерден екі түрлі мағынада қолданылатын сөздерді
теріп алып, сол сөздердің әр мағынасына сөйлем құрастырып жаз.
Жайдары,
күй, күнде, тыныш, кір, мақта, сабырлы, тамыз, ауыр.
ҮІ.Қорытындылау. (слайд)
Мұғалім
:Балалар, өткен тақырыптар бойынша біз не үйрендік? Сұрақ қою
арқылы бүгінгі сабағымызды қортындылаймыз.
1.Мәндес сөздерді басқаша қалай атайды? (синонимдер)
2.Антоним қандай мағынадағы сөздер? ( қарама-қарсы)
3.Омоним қандай мағыналы сөздер? ( дыбысталуы бір мағанасы әр түрлі)
4.Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алама ма? (жоқ)
5.Бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгісі қандай? (үтір)
6.Мәтіннің неше түрі бар?
(3 түрі)
7.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? ( бастауыш пен баядауыш)
ҮІІ.Үйге тапсырма: 5-жаттыгу,
94 бет.
Бағалау